Шығыс Қазақстан филармониясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай концерт өткізді

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан филармониясы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай концерт өткізді

Осы жылдың еншісіндегі ең үлкен мерекелердің бірі - Қазақ хандығының 550 жылдығы. Елбасының Жарлығымен кең көлемде тойланғалы отырған бұл мереке еліміздің әр өңірінде әртүрлі шара аясында аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сондай шаралардың бірі жуықта Өскемен қаласындағы Металлургтердің мәдениет сарайында өтті. Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы аталмыш мерекеге орай концерт қойды.

Сахнаға әрісі елімізге, берісі өңірімізге белгілі өнерпаздар көтеріліп, көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Концерт шымылдығын облыс әкімінің симфониялық оркестрі Е.Рахмадиевтің «Дайрабай» күйімен ашты. Бұдан кейін сахнаға көтерілген Вячеслав Ткач Н.Римский-Корсаковтың «Царская невеста» атты ариясын асқақтатты. Бұл арияға осы шараға арнайы келіп қатысып отырған Солтүстік Қазақстан облысы симфониялық оркестрінің бас дирижері Сергей Имашбаев дирижерлік жасады. Өз кезегінде сахнаға көтерілген халықаралық байқаулардың лауреаттары Айжан Мәзкенова, Әлмира Нұрғожина, Ольга Орлова «Гранада», «Бұлбұл», «Страсть» сынды әндерді орындап, ел ықыласына бөленді. Ал «Абай-Шәкерім» ораториясынан «Көзімнің қарасы», «Той», «Дала» сынды үзінділерді Әсел Темірова жетекшілік еткен филармония әртістерінен құралған хор орындады.

Бізді бір таңғалдырғаны - концерт ақылы болса да, көрермендердің қарасы көп болды.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар