Ардагер ақын-әншілердің «Мұрагер» тобы өнер көрсетуде

(Дауыстар: 1)
Ардагер ақын-әншілердің «Мұрагер» тобы өнер көрсетуде

2015 жылғы еліміз бойынша аталып өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ата заңның 20 жылдығы, Ұлы ақын Абайдың 170 жылдығы мерекелеріне Жарма «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бас болуымен партия мүшелерінің үн қосуы кең өрістеуде.

Ардагер ақын-әншілер Ж. Толышқызы, Т. Хасенов, Ж.Қабақов, Л. Арнольд, М. Наурызбаева, Ү. Ғалиева, Т. Бекқасымов, Б. Байтуренов, А. Нұрсолтанова, Р. Жұмақұлбаевалардан тұратын «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы партия мүшелері ардагерлерден тұратын «Мұрагер» өнерпаздар тобы өнер ұжымы жұртты өз өнерлерімен тәнтті етуде.

«Мұрагер» өнерпаздар тобының бұл концерттік бағдарламасының негізгі мақсаты Ұлы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойына арналып, «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» деген айдармен соғыстың шежірелі отты жылдарын жұртшылыққа паш ету болатынды. Сондықтан ең әуелі «Мұрагер» өнерпаздар тобы аудан аумағында ораналасқан 47007 әскери бөлімінен бастауды құп көріп, Отан қорғаушы жауынгерлер ұжымына үгіт-насихаттық концерт қойып қайтты.

47007 әскери бөлім ұжымын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Малғаждаров, ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Өтегенов, тыл ардагері К.Гаврилка еліміз бойынша аталып өтетін айтулы мерекелерімен құттықтады. «Мұрагер» өнерпаздар тобы көпшілікке өз өнерлерін тарту етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш соңын «Атамекен» әнімен аяқтаған «Мұрагер» тобының өнерпаздарының өнеріне 47007 әскери бөлімінің командирі, майор Е.Жақаев, сержант С.Самбуриндер жоғары бағасын беріп, өз ұжымдары атынан алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, жырдан шашу шашып, әнді құйқылжыта орындайтын өнер ұжымның жетекшісі Рыскен Балтабекқызына 47007 әскери бөлімнің басшысы алғыс хат табыстады.

Кеш соңында жиналған көпшілік өнер ұжымымен бірге естелік суретке түсті.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар