Тұрғындардан сүт қабылдау қолға алынбақ

(Дауыстар: 1)
Тұрғындардан сүт қабылдау қолға алынбақ

ШҚО Көкпекті ауданында сүт өндірісін өркендетуге баса мән берілуде. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындарының арасында сүтті бағыттағы мал басын өсіру жұмысы қолға алынған.

Самар ауылдық округіне қарасты Пантелеймоновка ауылының тұрғыны Ержан Қылышбаев 2013 жылы сауынды сиыр сатып алу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде 2 млн. теңге несие алды. Сол кезде алған 10 бас сиыр қазір 18 сауынды сиырға жетті. Олардан осынша төл алып өсіріп отыр. Қазіргі күні мұнда екі сауыншы, екі малшы жұмыс істеуде.

- Өз күшімізбен мал қорасын салдық. Сиыр сауатын аппарат та бар. Самар май зауытымен келісімшартқа отырып, мамыр айынан бастап сүтті сонда тапсыра бастадық, - дейді Ержан Шынтайұлы. - Сүт өндірудің тиімділігіне жыл қорытындысын шығарғанда көз жеткіздік. Менің есептеулерім бойынша, жаздайғы өткізген сүттің бір айында тапқан табыс бір бұзауды екі жасқа дейін жеткізгенше шығатын шығынмен тең екен.

Отбасымен мал шаруашылығын дамытуға бет бұрған Ержан ауыл ортасынан дүкен де ашып қойды. Енді ауылдық округ әкімінің ұйғаруымен тұрғындардан сүт қабылдауды ұйымдастыруды қолға алмақшы. Тауарлы-сүт фермасын ашуға талпыныс та бар. Ол үшін кәсібін кеңейтуге қаржы керек. Сауынды сиырдың басын 60-қа жеткізсе, тағы да жұмыс орнын ашады.

- «Сиырдың сүті-тілінде», - деген. Мен үшін қиналатын тұс - мал азығы. Сиыр сүтінің майлылығы жоғары болуы үшін, азығы да құнарлы болуы керек. Ол үшін сүрлем даярлау аса маңызды. Шабындық пен егістік жер көлемін ұлғайтсам, жақсы-ақ болар еді. Облыс әкімінің сүт өндірісін дамыту бойынша тапсырмасы негізінде біз сияқтыларға ол жағынан көмек болар деп үміттенемін, - дейді Е.Қылышбаев.

Мемлекеттік бағдарламалар негізінде асыл тұқымды бұқа алатын болса, субсидия төленетінін және де басқа да мал өсіруге қаржыландыру мен жеңілдіктер қарастырылатын «Жайлау», «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» сияқты бағдарламалар барын жас кәсіпкер әлі жете біліңкіремесе керек. Сондықтан да ауылдық округ әкімшілігі мен ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары осындай талабы бар адамдарға кеңес беріп, қолдау көрсетуі керек. Қазір аудан басшылығы осы міндетті тиісті органдардың алдына қойып отыр.

Клара Нұрпейісова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар