Шығыс Қазақстан мен Чехия серіктестігі нығаяды

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан мен Чехия серіктестігі нығаяды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жиговамен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің машина жасау және туризм саласындағы ынтымақтастығының ары қарайғы келешегін талқыға салды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысының Чехиямен бұрыннан келе жатқан тығыз іскерлік байланыстары бар екенін атап өтті. Айталық, біздің автомобиль зауытында чех автокөліктері шығарылады. Келешекте машина жасайтын алып өндіріс орнын салу көзделуде, онда автокөліктердің барынша заманауи әрі жайлы жаңа түрлері құрастырылатын болады.

- Мен екі ел арасындағы тауар айналымының артатынына сенімдімін, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Оның үстіне бізде бұрыннан өзара түсіністік пен жақсы қарымқатынастар орнаған. Біздің мамандардың сіздерден машина жасау және туристік бизнес салаларында үйренері көп. Нақ осы бағыттарда белсенді жұмыс істеу керек.

ШҚО әкімі Шығыс Қазақстандағы металлургия саласының даму барысына кеңінен тоқталды. Аймақ басшысы чехиялық меймандарға Ақтоғай кенішінің құрылысы туралы айтып берді, ол тек еліміздегі ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі ең ауқымды кеніштердің біріне айналмақ. Бірнеше жылдан соң аталмыш аумақта қоры елу жылға жететін соңғы үлгідегі тау-кен кәсіпорнын салу көзделуде. сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің атом энергетикасы саласындағы жетістіктерін атап көрсетті. Біздің өнімдер үлкен сұранысқа ие, осы орайда көрші Қытай елімен барынша белсенді жұмыс жүргізу қажет.

- Шығыс Қазақстаннан сіз тек жағымды әсер алатыныңызға сенімдімін, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Бұл - еліміздің әріптестік орнату үшін қолайлы, келешегі зор үлкен аймақтарының бірі.

Өз кезегінде Чех Республикасының елшісі Элишка Жигова бұл оның шығыс Қазақстанға жасап отырған алғашқы іссапары екенін атап өтті. Өңір өзінің аязды климатымен әйгілі екеніне қарамастан, ол біздегі жылы ауа райына таңырқап, кездесудің жылы шырайда өрбігенін айтты. Чехиядан келген қонақтар сол жағалау кешенінде болып қаламыздың бетке ұстар көрікті жері - қорық-мұражайына лайықты баға берген.

- Машина жасау саласына билік тарапынан жіті көңіл бөлініп отырғанын бірден атап өткім келеді, - деді Элишка Жигова. - Ары қарайғы жұмыс пен жемісті бірлескен серіктестік жоғары нәтиже берері сөзсіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар