Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай монографиялық еңбектер жарық көрді

(Дауыстар: 1)
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай монографиялық еңбектер жарық көрді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғаны баршамызға аян.

Осы ретте 6 ақпан күні еліміздің барлық өңірлерінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған шаралар басталды. Осы атаулы күнге орай, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» синхрон-акциясы өткізіліп, университет ғалымдарының бірқатар монографиялық еңбектерінің тұсауы кесілді.

Мерекелік іс-шара философия кафедрасының доценті м.а., ф.ғ.к. Ерзат Жетібайұлының «Қазақстандағы толеранттылық» тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Ғалым өз сөзінде бүгінгі күннің діни және этникалық толеранттылық мәселесін салыстырмалы түрде көрсете отырып, толеранттылық тек әлеуметтік климат, тұлғааралық қарым-қатынас, саясаттың дамуына ғана әсер етпей, оның көкейкестілігі қазіргі заман адамы мен оның тәрбиесіне бағытталғанын айтып өтті.

Іс-шара барысында философия кафедрасының доценті м.а., тарих ғылымдарының кандидаты А.М. Мамырбеков «Шығыс Қазақстандағы неміс және поляк диаспораларының тарихы» атты кітабының тұсауын кесті. Бұл тақырыпты зерттеу барысында автор қызықты жайттарға тап болғанын айтады. Бірнеше жыл бұрын жас ғалым шетелге шығып, Қазақстаннан қоныс аударған неміс әйелін кездестіреді. Ғалымның Қазақстан елінен келгенін естіген әйел, тоқтаусыз жылап, ыстық естеліктерді есіне алып, отбасына қамқорлық жасаған қазақтар жайлы біраз сыр шертеді. Дәл осы кездесу ғалымның монографиялық еңбегін жазуына түрткі болады.

Монографияда автор әңгімелер желісі өте қызықты неміс және поляк ұлттарының Шығыс Қазақстан аумағына қоныс аударуы жайлы баяндайды. «Әсіресе поляк ұлтының өкілі Ванда әженің әңгімесі көзіме еріксіз жас ұялатып, ерекше әсерге бөледі. Бесқарағай ауданында тұратын Ванда әже өз отбасы туралы естеліктермен бөлісіп, соғыстан соң елге қайтқан жерлестерімен қимай қоштасуын әсерлі жеткізді. Туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сағынышын жасырмаған ол «Менің Отаным-Қазақстан»,- деп сөзін аяқтаған болатын, - дейді автор. Осылайша А.М.Мамырбеков жиналған қауымға жан тебірентер әрі шынайы оқиғалар негізінде жазылған еңбегін таныстырды.

Сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы Б.Ж. Атантаева және тарих ғылымдарының кандидаты Т.А. Камалджанованың «Влияние миграции на формирование этнических диаспор Восточного Казахстана в 1937-2005 гг.» атты еңбектің тұсауын кескен Бақыт Атантаева көп жылдар бойы зерттелген бұл еңбек тынымсыз ізденістің нәтижесі екендігін тілге тиек етті. Онда келтірілген статистикалық деректер мен мұрағаттардан алынған мәліметтер Шығыс Қазақстан облысында көп этникалық ортаның қалыптасуы, мәдениеті, көптеген ұлт өкілдерінің өмірі және т.б. жөнінде толық түсінік береді.

Тарих кафедрасының доценті м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Р.Д. Ахметова «Этнокультурные процессы в Восточном Казахстане в 80-х годах ХХ - в начале ХХI века» атты еңбегін таныстыру барысында Шығыс Қазақстан аумағындағы этномәдени бірлестіктер, салт-дәстүрлер мен тойланатын мерекелер жайлы айтып өтті. Осы еңбек арқылы оқырман туған өлкеміздің этномәдени өмірімен танысып, көптеген қызықты да құнды мағлұматтарды таба алады.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, аталмыш іс-шаралар әлі де жалғасын таппақ. Мәселен, «Журналистика» мамандығының студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен телебағдарлама топтамасын дайындауды қолға алды.

Осылайша «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» синхрон-акциясы өте қызықты тұрғыда өткізіліп, жиналған қауымның үлкен қызығушылығын тудырды. Елдің тұтастығы мен бірлігін сақтап келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі күні ұлтаралық келісім мекеніне айналды.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар