Аудан әкімдігі мен кәсіпорындар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

(Дауыстар: 1)
Аудан әкімдігі мен кәсіпорындар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ШҚО бәр өңірінде орын алатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы аудан әкімдері мен жергілікті кәсіпорындар арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі меморандумда Жарма ауданы бойынша негізінен елді мекендердің абаттандырылуы, әлеуметтік нысандардың жөнделуі, аз қамтылған отбасыларға жасалатын әлеуметтік көмек және басқада мақсаттар көзделді.

Осының бәрін Жарма аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Қасымов жіпке тізгендей форумға қатысушы тараптарға жайып салды.

Форум барысында осындай Жармада орын алып жатқан жасампаз істермен таныстық. Енді осы формудағы ең маңызды мезет аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов пен бизнес өкілдері «Бақыршық кен өндіру кәсіпорныны» ЖШС бас директоры Юрий Борисович Овчинников «Қазақцемент» ЖШС бас директоры Сұлтанғали Қабайұлы Байжұманов, «АС Горняк» ЖШС директоры Алибек Алтынбекұлы Сейтжанов, «Шалабай» ЖШС директоры Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов, «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС директоры Виктор Серікқалиұлы Исабаевтар және «Интер Гол Капитал» ЖШС т.б. арасындағы меморандумға қол қойды.

Нәтижесінде қарастырылған меморандум жобасына ауданның 10 кәсіпорны қатыстып, аудандық әкімшілік «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 20 млн. теңгенің, «Интер Гол Капитал» ЖШС 10 млн.теңгенің, «Шалабай» ЖШС 20 млн. 550 мың теңгенің, «АС Горняк» ЖШС 9 млн. 300 мың теңгенің, «Жарма Кұрылыс Газ» ЖШС 3 млн. тенгенің, «Қазақцемент» ЖШС 2 млн. теңгенің, «Қамқор Локомотив» ЖШС 1 млн. теңгенің, «Жарма Тас Жолы» ЖШС 1 млн. 200 мың теңгенің, ПМС Шар» ЖШС 1 млн. тенгенің, «Сарытас» ЖШС 1 млн. тенгенің меморондумдарына қол қойып, нәтижесінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан бойынша 69 млн. 50 мың теңгенің түрлі шаруасы атқарылатын болады. Ең бастысы ҰОС 70 жылдығына арналған іс-шараға меморондумға қатысушы 10 кәсіпорын жины 6 млн. 300 мың теңгеге жуық қаржы жұмсамақшы.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауға үлкен көңіл бөліп отыр. Елімізде кәсіпкерліктің өрістеуіне жылма-жыл мол мүмкіндіктер ашылып отыр.

Осы мүмкіндіктер шеңберінде әр кәсіп иесі өз ісін ілгері бастырумен бірге, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысуы қажет. Өйткені, өз өлкеміздің өркендеуі - барлығымызға ортақ міндет. Ендеше, бірлесе жұмыс атқарайық, - деп жиынды түйіндеді аудан басшысы.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар