Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш стелла орнатылды

(Дауыстар: 1)
Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш стелла орнатылды

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толды. 10 жылға созылған соғысқа елімізден 22 мың қазақстандық қатысып, мыңнан аса боздақ қанды қырғында қаза тапқан. Өрімдей жас жігіттер жат жерде интернационалдық борыштарын орындап, өмірлерін аямай, соңғы демі қалғанша анттарына адал болған.

Талайының жаны қыршынынан қиылып, көбі мүгедек болып оралса, енді біреулері мүлдем ес-түссіз жоғалған.

Сол соғысқа ауданымыздан 158 адам кеткен болатын. Оның 10-ы майдан даласында жан тапсырған. Қаншама қайғы-қасірет әкелген сол бір жантүршігерлік күндер интернационалист-жауынгерлердің көз алдынан мәңгі кетпейді.

15 ақпан - Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні. Міне, ШҚО Глубокое ауданында осы айтулы күнге орай Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш стелла орнатылды.

Маңызды шараға Глубокое ауданы әкімі Бекбосынов А.І., аудандық мәслихат хатшысы Баймульдинов Ә.А., аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Чункунов А.Т., ауғандық-ардагерлер, қазақ тапқан интернационалист-жауынгерлердің ата-аналары, туыстары, аудан жұртшылығы қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Арман Ілиясұлы ескерткіш стелласының ашылу салтанаты қанды қақтығыста қаза болған жерлестеріміздің құрметіне арналып отырғанын жеткізді.

Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш стелла орнатылды

- Ауғанстан - жүректегі жазылмас жара. Отан алдындағы борышын адал орындаған, жауынгерлердің патриоттық сезімі мен ерлігі жас ұрпақтың бойына сіңіріп, үлгі етуі тиіс. Әр азаматтың парызы - Отанын сүйе білу, қорғау, еліміздің гүлденіп, дамуы үшін адал еңбек ету. Глубокоелықтардың атынан «Иртыш дизайн сервис» ЖШС директоры Симоненко С. және тікелей мердігер жеке кәсіпкер Докуев К. алғысымды білдіремін.

Еліміз тыныш, бірлігіміз берік болсын, ынтымағымыз арта берсін, - деді аудан әкімі.

Құттықтау сөз кезегі Шығыс Қазақстан облыстық интернационалист-жауынгерлер ҚБ төрағасы Самылтыров М.А. берілді.

- 10 жылдан астам бөтен елде көрген ауыртпалық, бастан өткізген қайғы-қасірет қанша уақыт өтсе де естен өшпейді. Біз әскери антымызға берік болып, Отан алдындағы борышымызды абыроймен орындадық. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, талай қандастарымыз жарақатпен оралды. От пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан-жарасына айналды. Елбасымыз: «Ешкім де қаза болғандарды тірілтуге дәрменсіз, бірақ та оларды мәңгі еске сақтап ескерткіш қою - біздің міндетіміз» деген болатын. Сіздерге зор денсаулық, жанұялараңызға амандық тілеймін, - деді Мұхамедқали Айтбекұлы.

Сөз кезегін алған аудандық қоғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Чункунов А.Т. қанды шайқаста құрбан болған боздақтардың есімдері ешқашан ұмытылмақ еместігін, оларды құрмепен еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді ардақтау бүгінгі ұрпақтың адамгершілік парызы екенін жеткізді.

Жиналғандар әдеттегідей қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жаңадан ашылған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Ауған соғысында қаза тапқандарға ескерткіш стелла орнатылды

Шара Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте жалғасын тапты. Мұнда жиналған қауым талай жылдар бойы оқушылардың бойына адамгершілік пен патриоттық сезімді ұялатқан, адал еңбегімен сыйлы болған әскери жетекші педагог-ұйымдастырушы Фоминых В.В. бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы деректі фильмдер көрсетілді. Аудандық «Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері» БҚ төрағасы Мяслев Б.А. аудан әкімі Бекбосынов А.І., аудан әкімінің орынбасары Жұмаділов С.С., аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Чункунов А.Т. ескерткішті орнатуға үлес қосқандары үшін алғыс хаттар марапаттаса, Каролихин Валерий Владимировичқа «Ауған соғысының ардагері» медалін табыс етті.

Салтанатты шара соңында жиналған көпшілік мектептің екінші қабатында орналасқан Ауған даңқы бұрышына дәстүр бойынша гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

М. Тобыжыкова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Мәдениет | Кілт сөдер: ауған соғысы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар