Жастар ұлтаралық бірлікке үлес қосуды көздейді

(Дауыстар: 1)
Жастар ұлтаралық бірлікке үлес қосуды көздейді

Өскемен қаласындағы Достық үйінде Шығыс Қазақстан облыстық жастар орталығының бастамасымен өңірдегі әр саладағы белсенді жастардың арасындағы тығыз байланыс пен өзара қарым-қатынасты дамыта түсуді көздеген ШҚО әкімі жанындағы жастар ісі кеңесінің жұмыс тобының кеңейтілген жиыны өтті. Мұндағы басты мақсат - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне жастарды тарту, оларды облыс аумағында тұрып жатқан барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге, дамытуға шақыру, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қазіргі таңдағы жаһандық геосаяси өзгерістерге байланысты әрі еліміздің ішкі саясатындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде жастарымыздың патриоттық рухын және жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге баса мән беріп отыр. Сондықтан Елбасы Жолдауында айтылғандарды басты бағыт ете отырып, өңір жастары жыл көлемінде атап өтілетін мемлекеттік деңгейдегі айтулы шаралардың бәріне де белсенді қатысатын болады. Сол үшін де бүгін облыстың әр аймағынан келген азаматтық ұстанымдары бар көшбасшы жастар бас қосып отыр, - деді облыстық Жастар орталығының жетекшісі Арайлым Есімбекова.

Жиынға Бородулиха ауданынан қатысқан жас ұстаз Виктория Лагус жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының Сенат пен Мәжіліс мақұлдаған, қоғамда үлкен қолдауға ие болған, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасын қолдауға шақырды. Викторияның айтуынша, Отанымыздың ары қарайғы даму жолын айқындап алу үшін барлық қазақстандықтарға қазіргі таңда маңызды шешім қабылдау аса қажет. Сонымен бірге, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып, әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіруіміз керек.

Бұдан бөлек, жастар қазіргідей сындарлы уақытта Президент ұсынған «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатының халық үшін нақты қолдау болып отырғандығын атады.

- Жастар - үлкен күш. Мемлекет оларға оқуға, жұмыс істеуге, отбасын құруға барлық мүмкіндіктерді туғызып отыр. Ең бастысы, барлығымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Бұл сөзімізге мәселен, кезінде қолайлы тірлік іздеп Қазақстаннан шетелге көшіп кеткендердің қайта оралып жатқандары нақты мысал бола алады, - деді Шемонайха аудандық жастар орталығының директоры Константин Буднецкий.

Жиынды қорытындылаған облыстық жастар орталығының әдістемелік жұмыстар секторының жетекшісі Айбек Баукенов жастардың ұсыныстарын жинақтап, оларды жүзеге асырудағы бірегей жоспарға тоқталды. Жоспарға Достық керуенінің аясында байқаулар, концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар өткізу кіретінін, одан түсетін қаражаттың тең жартысы жетім балаларға, аз қамтылған азаматтарға, көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық акцияларына жұмсалатынын жеткізді.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар