Киелі Тайқазан Өскеменге келді

(Дауыстар: 1)
Киелі Тайқазан Өскеменге келді

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлаймыз. Осыған орай, атаулы мерейтойдың бойтұмары ретінде таңдап алынған киелі Тайқазанның көшірмесі Түркістаннан шығып, Астана арқылы кеше Өскеменге де жетті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 игі іс» республикалық эстафетасының бас символын қарсы алған ізгі істер шеруін бастап кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тайқазанның алтын түстес макеті бұған дейін Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына жеткізіліп, 23 ақпан күні біздің облысқа табысталыпты. Кеше оны облыс жұртшылығы Өскеменнің кіреберісіндегі Қабанбай батыр ескерткішінің жанында қарсы алды. Көк байрақ пен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын маңдайға ұстаған көлік шеруі қасиетті қазанды қаланың көшелерімен алып өтіп, Республика алаңындағы Абай ескерткішінің алдына жеткізді. Кернейлетіп-сырнайлатқан көңілді топ бұл жерде ұлы ақын ескерткішіне тағзым гүлін қойып, алаңға жиналған жұртқа шашу шашты. Шарада көліктер шеруін ұйымдастырған «Subaruclubukg» клубының мүшелері осы жерден облыс орталығындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге аттанды. Ал қалған жұрт Достық үйінде қайыра бас қосып, акцияның мән-маңызын талқылады.

«Достық үйі - қоғамдық келісімі орталығы» мекемесінің директоры Елдар Төлеубеков акция облыс аумағында 27 ақпанға дейін жалғасатынын айтады.

- Тайқазан бастаған достық керуені бүгіннің өзінде Бесқарағай ауданы мен Семей қаласын аралап, ауыз толтырып айтарлық жарқын істердің басталуына түрткі болды. 27 ақпан күні біз эстафетаны Алматы облысына табыстаймыз. Соған дейін өңірдің барлық аудан, қалалары «Жиырма игі іс» акциясына өз үлестерін арнайды. Акцияның негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға әлеуметтік тұрғыда көмек көрсетіп, адамдарды жақындастыру, - дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркімбек Аязбаев Семей қаласының жұртшылығы Тайқазанды ауқымды жарқын істермен қарсы алғанын айтады. Осы акция аясында бюджеттен тыс 1,7 млрд. теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік жобалар жүзеге аспақ. Шаһарда Ассамблея жылының құрметіне бір 75 орындық, бір 110 орындық балабақша бой көтереді. Е.Аязбаев облыстың өзге де аудандары мен қалалары бұл қарқынды бәсеңсітпей, үдете түсер деген сенім білдірді. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Нелли Краснобаева халықты Ассамблея төңірегіне ұйыстырудың ғылыми-сараптамалық мәселелеріне тоқталып, бұл тұрғыда облыста қандай істер тындырылғанын баяндады. Басқосуда этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар сөз алып, өзге өңірлермен байланысты нығайту, Ассамблея жұмысының бұқаралық сипат алуына жол ашу, Достық үйлерінің жұмысын әлеуметтік қамқорлыққа бағыттау мәселелерін қозғады.

Аталған жарқын істер эстафетасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІІ сессиясында қорытындыланып, бас символ Елбасының қолына тапсырылады.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар