Сал ауруына шалдыққан балаларға арнайы арбалар тапсырылды

(Дауыстар: 1)
Сал ауруына шалдыққан балаларға арнайы арбалар тапсырылды

Өскемендегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, мидың сал ауруына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балғындарға қуаныш сыйлау мақсатында қысқы қайырымдылық балын өткізді. Осы ізгілікті шараның нәтижесінде бес жастан асқан сегіз бала мүгедектерге арналған арбамен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің би залында қайырымдылық кешін Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары «Полонез» биімен ашты. Одан кейін кезінде патша сарайларында би кештерінде орындалған «хрустальді вальс», полька, фокстрот, танго сияқты билер кетті дөңгеленіп. Балда облыстық филормонияның симфониялық оркестрі әлемдік композиторлар мен заманымыздың үздік авторларының туындыларын әуелете орындады. Жиында домбыраның сиқырлы үні күмбірлеп, қазақ вальсінің королі Шәмшінің сазды әндері шырқалды.

- Бүгінгі кешіміз мұқтаж жандарға мәдениет пен сұлулықты, мейірімділік пен қамқорлықты паш еткен ерекше мереке. Оқушыларымыздың өнері мен көмекке зәру жандарға қамқорлық көрсете білген ата-аналардың арқасында целебральды сал ауруына шалдыққан сегіз балаға арнайы арбаларды тапсыруға мүмкіндік туды, - деді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бауыржан Ұзақбай.

Осындай мұқтаж балғындардың бірі алты жастағы Қуандық кештің қонағы болды. Дене бітімі жағынан өз құралпыластарынан әлдеқайда кішкене көрінетін ол айналасындағыларға асқан жылылықпен қарайды. Анасы Құралай үшін баласын жалғыз өсіріп-жеткізу оңай емес. Сол себепті де бүгінгі сыйлық олардың отбасы үшін үлкен көмек екенін айтты Құралай.

Жастардың бастамасымен жүзеге асқан ізгілікті шарада ШҚМТУ-дың ректоры Нұрлан Темірбеков бүгінгі мақсат интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеу екенін айтып, ұйымдастырушыларға мұқтаж жандарға сыйлаған қуаныштары үшін алғысын жеткізді.

- Бүгінгі тамаша бал жоғары деңгейде өтіп жатыр. Алдағы уақытта қайырымдылық кештерін жиі ұйымдастырып, жарымжан балаларға көмегімізді көбірек берсек деп ойлаймын. Тек мейрам-мереке кезінде ғана емес, үнемі мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отырсақ, абзал болар еді. Назарбаев зияткерлік мектебінің директорына, ұстаздарына осындай шара ұйымдастырғандары үшін рақмет айтамын, - деді ата-аналардың бірі, өскемендік кәсіпкер Мәдина Сағатова.

- Біз өзімізден сәл өзгешелеу балғындарға, олардың жанұяларына аздап та болсын септігімізді тигізе алсақ, біз үшін бұл үлкен қуаныш. Әрдайым осындай шаралар ұйымдастырып тұрсақ, бәріміз жиналып, бір балаға болсын шаттық сыйлаймыз ғой, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Ділназ Әділбекова. Ата-аналардың айтуынша, балалары балмұздақ жеуден бас тартып, тіпті бір күндік тамақтарының ақшасын қайырымдылық қорына құю жөнінде өтініш жасапты.

Кеш соңында Бауыржан Ұзақбай Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің өкіліне алты арба тапсырды. Бұл арбалар сал ауруына шалдыққан балалардың үйіне жеткізілмек. Ал тағы екі арба аудандарда тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға алдын ала жіберіліпті. Сонымен қатар, қайырымдылық танытқан азаматтардың барлығына арнайы сертификат тапсырылды.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар