«550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығы» атты жас патриоттар форумы өтті

(Дауыстар: 1)
«550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығы» атты жас патриоттар форумы өтті

Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен тойлануда. Осы атаулы күнге орай, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығы» атты республикалық жас патриоттар форумы болып өтті.

Университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі мұрындық болған игі іс-шараны өткізуге «Конгресс» интеллектуалды дебат клубы мен Студенттік Парламент ұйымының белсенділері ат салысты.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен, атап айтқанда, Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Балқаш, Шымкент қалаларынан 100-ге жуық делегат қатысып, өз баяндамаларын жасады.

Аталмыш форумның көздеген мақсаты - Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту және жастар арасында оны кеңінен насихаттау. Сонымен қатар өскелең ұрпақ бойына ұлтжандылықты, тарихи сананы дәріптеп, олардың саяси белсенділігін арттыру болып табылады.

Бірнеше күнге созылған іс-шара бағдарламасы бойынша форумға қатысушылар арасында футзалдан өткен жолдастық кездесуде Семей қаласының «Конгресстің аға-буындары» командасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының студенттері бас қосқан форумның негізгі іс-шарасы болып табылатын пікір-сайыс турнирінің де маңызы зор екендігін атап өткен жөн. Себебі, дәл осы пікір-сайыс додасында спикерлер қоғамдағы маңызды жастар мәселесін талқылап, тамыры тереңде жатқан Қазақ мемлекетінің ғасырларға созылған ұзақ тарихын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс екендігін тілге тиек етті. Тартысты додода нәтижелі ойын көрсетіп, мықтылар арасынан суырылып шыққан Астана қаласы, Еуразия ұлттық университетінің : «Ze Champion» командасы бірінші орынға нық жайғасып, жеңімпаз атанды. Осы оқу орнының «Туған күнімен» фракциясы 2-орынға ие болса, «Жеңіс даңғылы 62» командасының пікір-сайысшылары 3-орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, Астана қаласы, С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Аманжол Жандарбек «Үздік спикер», Еуразия ұлттық университетінің студенті Тұрғазы Ерназар «Ең үздік спикер» аталымдары бойынша марапатталды.

Тамыры терең, тағылымы мол Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - жас ұрпақтың бойында патриоттық санасын қалыптастыруға ықпалы зор. Мұны іс-шара барысында аңғарған форум ұйымдастырушылары, атаулы мерекені ұлықтап, барынша насихаттау жұмыстары университет тарапынан әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: қазақ хандығы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар