Дәрігерлер құжат айналымын электронды түрде жүргізуге көшеді

(Дауыстар: 1)
Дәрігерлер құжат айналымын электронды түрде жүргізуге көшеді

Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласына жыл басынан бері жаңалықтар енгізіліп жатыр. Мысалы, қазір емханаларда келушілерді жалпы практикалық дәрігерлер қабылдай бастады. Ал облыстық ауруханада науқастарға электронды карта толтыру қанатқақты жобасы қолға алынған. Алдағы уақытта электронды кезекке қою, электронды рецепт беру сияқты жаңалықтар енгізілмек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников бұл өзгерістер емханалар мен отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда кезек-кезегімен қолға алынатынын айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі үстіміздегі жылдың 1-сәуірінен қазақстандық дәрігерлер құжат айналымын электронды түрде жүргізуге тиіс болатындарын таратқан болатын. Осыған орай бұл бастама алдымен электронды құрал-жабдықтармен толық жабдықталған емдеу мекемелерінде іске қосылады. Бүгінгі таңда облыстық аурухана науқастарға қызметтің осы түрін ұсына бастапты.

- Бұл - қанатқақты жоба. Әзірге тек облыстық аурухана қызметкерлері науқастарға осындай карта ашып жатыр. Онда науқастың дерті, қолданылған ем-домның барлығы көрсетіледі. Көп жағдайда науқастар бұрын қандай ем алғандарын айта алмайды, немесе дәрігердің жазуы түсінікті болмайды. Сол себепті бұл тәсілдің тиімділігі жоғары. Қазір дәрігерлер науқастарға қағаз түріндегі нұсқасын қолдарына тапсырады, - деді басқарма басшысы.

Электронды рецепт жүйесі тегін дәрі-дәрмек алатын науқастар үшін өте қолайлы болмақ. Олар дәріханаларға жеке куәліктерімен келсе болғаны, провизор мәліметтер базасын ашып, науқастың атыжөнін, алатын дәрісін тауып алады. Келесі кезекте емханаларда электронды кезек жүйесі енгізіледі деп күтілуде. Бұл өзгеріс тұрғындарды таң атпай емхана есіктерін күзетіп, талон алуынан құтқарады. Электронды кезектер бүгінгі таңда банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолға алынған.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар