Көше саудасына салынатын айыппұл көлемі өсті

(Дауыстар: 1)
Көше саудасына салынатын айыппұл көлемі өсті

Көше саудасына салынатын айыппұл көлемі өсті Жаңа жылдан бастап көше саудасы үшін салынатын айыппұл көлемі өсті. Енді арнайы белгіленбеген жерлерде сауда жасаған азаматтарға 5 АЕК, яғни, 9910 теңге айыппұл салынады.

- Қайтара заң бұзғаны үшін айыппұл көлемі 10 АЕК-ке дейін өседі. Егер айыппұл 7 күн ішінде төленсе, оның 50 пайызын ғана төлеуге болады, - дейді Өскемен қалалық табиғатты қорғау полициясының бастығы, полиция майоры Дархан Айтқазин.

Полиция қызметкерінің айтуынша, Өскемендегі көше саудасы қызып тұрған негізгі нүктелер - «Орталық базар» маңы, яғни, «Березка» сауда үйінің айналасы. Сондай-ақ, Абай даңғылындағы автовокзал және «Заречное» базары төңірегіндегі адам көп жүретін жерлер.

Бұрын көшедегі арнайы белгіленбеген жерлерде заңсыз сауда жасап отырған азаматтарға 1 АЕК көлемінде ғана айыппұл салыныпты. Жаңа жылдан бастап күшіне енген жаңа Әкімшілік кодекстегі өзгерістерге орай тәртіпке бағынбаған саудагерлерге 5 АЕК, заңбұзушылық қайталанса 10 АЕК айыппұл жазасы қолданылады. Олар өздері сатып отырған тауар сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауап бермейтіндіктен, арнайы орындар ара-тұра рейдтер өткізіп тұрады. Ал сауда жасаймын деп құлшынып тұрғандар үшін жабық базар ішінен арнайы орындар мен сауда сөрелері қарастырылған. Бірақ адамы ағылып жататын жол жиектерінде отыруға үйреніп қалған саудагерлердің ішке кіргісі жоқ.

- Базарда орын берілмейді дегендері бос сөз. Күні кеше базар басшысымен өзім сөйлестім. Бұл кісілерге жұрт жүретін осындай жерде сауда жасаған ыңғайлырақ, - дейді қалалық әкімдіктің іс басқару №7 филиалының директоры Татьяна Филонова.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар