Бір отбасы бизнестің бірнеше түрімен айналысады

(Дауыстар: 1)
Бір отбасы бизнестің бірнеше түрімен айналысады

ШҚО Тарбағатай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасымен несие алып, кәсіппен айналысып, ауылдастарына жұмыс орындарын ашып бергендердің қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Т.Жақыпбаевтың айтуынша, несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуға, әсіресе, шалғай ауылдардың азаматтары жиі ниет білдіреді. Соның ішінде Жетіарал ауылының тұрғындары белсенділік танытуда. Бұл ауылда бизнестің әр түрін өрістетуге бет бұрушылар көп.

Сондай кәсіпкерлердің бірі - Ошан Айқын еліміз тәуелсіздік алған жылдары тарихи отанына оралып, Жетіаралға келіп, мал шаруашылығымен айналысуды қолға алған. Жас кезінен мал өсірумен айналысқан ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы төменгі пайызбен үш млн. теңге несие алып, ауылда алғашқы болып жылыжай салған болатын. Жаз бойғы еңбегі ақталды. Алдымен тіршілік нәрі саналатын су көзін шығару үшін өз балаларымен бірлесіп, тереңдігі он төрт метрлік құдық қазып, жылыжайға су жеткізді. Айқынның жылыжайы қазір көкөністен арылып көрген емес. Жылына кемінде екі рет бесалты тонна көкөніс алуға қол жеткізіп отыр. Оның өнімдерін Тарбағатай өңірінің ғана емес, көршілес Зайсан ауданының тұрғындары да сатып алып жүр.

Бұл әулеттегілер бизнестің бірнеше түрімен айналысады. Отағасы мал бордақылайды, өз ауласында қыс бойы 60 сиыр мен 80 қойды семіртіп отыр. Оған қолғабыс тигізетін мектеп жасындағы оқушы балалары да бос уақыттарын бордақы алаңында өткізіп, әкелеріне көмектеседі, одан қалса, үйлеріндегі тоқыма иіретін станокпен жіп иіріп, тері илеп сатады. Ошандар отбасында қолы бос адам жоқ, үйдегі нәзік жандар халқымыздың ұмыт болған қолөнері - кесте тігумен айналысады. Үйдегі екі кесте мен тігін мәшинесі күні-түні зырылдап тұрады. Айқынның жұбайы Орал Зейнепхан қыздары, келіндерімен бірлесіп кесте тігеді. Орал - бұл өнердің қас шебері. Ол - Шәуешек қаласында арнайы білім алған маман. Ауылда арнайы тігін цехын ашуды жоспарлап отыр. Ошандар отбасының алдағы тағы бір мақсаты - ет өнімдерін өңдейтін шағын цех ашу. Мемлекеттен қолдау тауып, еңбек етіп, ырзығын көріп жатқан олардың игі ісі көпке үлгі.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар