Еуразиялық интеграцияның болашағы зор

(Дауыстар: 1)
Еуразиялық интеграцияның болашағы зор

Өскемендегі Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің филиалында «Еуразиялық интеграция: қазіргі жағдай және даму болашағы» атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Шараға Шығыс Қазақстан облысындағы этномәдени орталықтардың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, университеттің оқытушылары мен студенттер қатысып, тақырыпқа қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кету керек, онлайн жүйеде өткен дөңгелек үстел жұмысына аталмыш жоғары оқу орнының Мәскеу қаласындағы бас ғимаратының және Архангельск, Тверь, Ереван, Минск қалаларындағы филиалдарының қызметкерлері қатысып, баяндамалар жасады.

Жиында сөз алған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев мұндай ауқымды интеграциялық үдерістің ойдағыдай жүзеге асуы үшін оған қатысатын елдерде экономикалық тұрақтылық пен ұлтаралық келісім болуы шарт екенін ерекше атап өтіп, облысымызда аталмыш бағытта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Осыған байланысты ақпан айының басынан бері еліміз бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл жағынан біздің облыс та қалыс қалмауда. Мәселен, жақында шығысқазақстандықтар «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасын зор қошеметпен қарсы алды. Алдағы уақытта да мұндай айтулы шаралар жалғасын таппақ, - деді Е. Аязбаев.

Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің Өскемен қаласындағы филиалының директоры Әлима Әліпова жоғары оқу орнында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кез келгенінде қызмет етуге біліктілігі жететін экономист мамандар даярлануда екенін ерекше атап өтті. Мысалы, қазіргі уақытта мұндағы студенттер дағдарысқа қарсы менеджменттің қыр-сырын меңгеруде.

- Университетіміздегі студенттердің 15 пайызы Ресей Федерациясының есебінен оқытылады. Бүгінде түлектеріміз алыс-жақын шет елдерде зор сұранысқа ие мамандар саналады. Бұған еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылық та өз септігін тигізгені сөзсіз. Бүгінгі басқосуда біраз мәселе талқыланып, қызықты ой-пікірлер айтылды. Жалпы, университетімізде мұндай дөңгелек үстел отырыстарын өткізуге әрдайым әзірміз, - деді филиал директоры.

Басқосудың соңында Өскемен қаласының полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектескен жоғары оқу орнының бірқатар студентіне салтанатты жағдайда арнайы куәліктер табысталды.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар