Үздік кәсіпорындар марапатталды

(Дауыстар: 1)
Үздік кәсіпорындар марапатталды

Өскемен қаласының әкімдігі «Парыз» республикалық байқауына қатысқан бірқатар жергілікті кәсіпорынның еңбегін атап өтіп, олардың басшыларына алғыс хаттар тапсырды. Бұл марапатқа ұсыну барысында кәсіпорындардың әлеуметтік саладағы жауапкершіліктері ерекше ескерілгенін айта кеткен жөн.

Мұндай өндіріс орындарының қатарында «Азия Авто» мен «ШҚ АЭК» акционерлік қоғамдары, «Қазцинк», «Өскемен ЖЭО», «КЭМОНТ», «Тамила Плюс», «УК Управление Промтехмонтаж» және «УльбаФторКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

Марапатқа ие болғандар арасында мүгедектер мәселесіне ерекше көңіл бөлген кәсіпорындар да болды. Салтанатты жиында осы бір бағытта белсенділік танытқан облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы мен сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығының, жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің, «Еко-агро» және «Нұрбилдинг», сондай-ақ, «Әділ» кәсіпорындарының басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20082015 жылдар аралығында «Парыз» байқауына Өскемендегі 50-ден астам кәсіпорын қатысыпты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар