Семейлік ғалымдар Президент сайлауын өткізуге қолдау білдірді

(Дауыстар: 1)
Семейлік ғалымдар Президент сайлауын өткізуге қолдау білдірді

Бүгінгі күннің басты тақырыбы - кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі ел ішінде қызу талқылануда. Күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы 26 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты, еліміздің халықаралық сарапшылары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және барша қазақстандықтар қолдау көрсетіп, өз пікірлерін білдірді. Ел өміріндегі осындай маңызды оқиғадан Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті де сырт қалмай, игі бастамаға үн қосып, бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Осылайша, аталмыш университет қабырғасында Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенттік сайлаудың маңыздылығын айқындау мақсатында университет ғалымдарының ұйымдастыруымен «Президент сайлауы: қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың кепілі» дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына университет ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ш.А. Әмірбеков; саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Искакова; ветеринариялық ғылымдарының докторы З.Қ.Тоқаев; тарих ғылымдарының докторы Қ.Қ.Байсарина; тарихи және әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Қ.Кәрімов; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Пашенцев және т.б. ғалымдар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Отырыс барысында алдағы сайлаудың мән-маңызы талқыланып, жан-жақты қарастырылды.

Ғалымдардың айтуы бойынша, мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өткізу өз кезегінде, тұрақтылық пен ел экономикасының қарқынды дамуына, сондай-ақ «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асырылуына оң ықпалын тигізеді.
«Бүгінгі жаһандық дағдарыс кезеңінде жарқын болашаққа бағдар болар Президент сайлауын биыл өткізуді тек пайдалы ғана емес, өте маңызды шешім деп білгеніміз жөн. Ол барша қазақстандықтарды бірлікке, ынтымаққа шақырып, күш-жігерін бір арнаға тоғыстыратынына сенімім мол» , - дейді тарих ғылымдарының докторы Қ.Қ.Байсарина.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар