Кәсіпорындар қалдықсыз технологияға көшуі тиіс

(Дауыстар: 1)
Кәсіпорындар қалдықсыз технологияға көшуі тиіс

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы Шығыс Қазақстанның экологиялық мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдау өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ольга Булавкина төрағалық еткен жиынға облыстық экология департаментінің басшысы Дмитрий Кавригин, экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин және «Қазцинк», «Үлбі металлургиялық зауыты», «Өскемен титан-магний комбинаты», «АЕS Өскемен ЖЭО» сынды ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан - еліміздің металлургия және энергетика кәсіпорындары көптеп шоғырланған өнеркәсіптік орталығы. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Шығыс Қазақстан республикадағы экологиялық тұрғыда жағымсыз алты облыстың қатарына енеді. Негізгі кәсіпорындар Өскеменде орналасқандықтан, адамның табиғатқа әсері өңірімізде айқын көрініс табады. Өндіріс орындарының іс-әрекеті ауаны ластайды. Өскемен атмосфералық жағдайы барынша жайсыз қала болып саналады. Осыған байланысты, яғни өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу үшін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жүйелі түрде қоғамдық тыңдаулар өткізіп тұрады. Аталмыш іс-шараның мақсаты - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, экологиялық жағдайды тұрақтандыру, табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеуші өкілетті органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысын ширату.

Басқосуға келген Үлбі металлургиялық зауыты қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекшісі Дмитрий Слободиннің мәліметінше, олар қалдықсыз өндіріс технологиясын енгізу, сүзгілерді ауыстыру, зауыт маңын көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде атқарып келеді. Кәсіпорындағы уытты заттар шығарушы барлық 214 көзге газтұтқыш құрылғылар орнатылған. Олар тазартудың 4-5, тіпті 6 деңгейінен тұрады. Былтыр ҮМЗ осындай 66 сүзгіні ауыстырып, осы мақсатқа 41 миллион теңге қаржы жұмсапты. Алынған сүзгілер жуылып, оның ішінен шыққан қалдықтар қайта өңдеуге жіберіледі екен. Өскемен жылу-энергия орталығы экология бөлімінің басшысы Марина Стрельцова өздерінде күлі аз Қаражыра мен Майкөбе кен орындарының көмірі жағылатынын атап көрсетті, ал қождың (шлактың) көп бөлігі кәсіпорындарға қайта пайдалануға беріледі, олардан құрылыс материалдары жасалады.

- Өткен жылы біз ауаға шығарылатын өндірістік қалдықтар бойынша эмиссияларды 25 пайызға қысқарттық. Табиғат қорғау шараларына шамамен 77 миллион теңге шығындауды жоспарлаған едік, алайда, осы мақсаттарға 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлдік, - деп атап өтті ӨТМК қоршаған ортаны қорғау бөлімінің меңгерушісі Андрей Пестряков.

Тыңдауларға қатысушылар компаниялардың экологиялық қызметтеріне қатысты өз пікірлерін айтты. Қоғам өкілдері қоршаған ортаны қорғау үшін қала кәсіпорындары өте көп іс атқарып жатқанын, бұл істер нақты нәтиже бергенін атап өтті. Қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар табиғатты қорғау саласындағы жұмыстарын көпшілікке ашық жариялауы, өзара тәжірибе алмасулары тиіс дегенге тоқталды. Ал бәрі күш жұмылдырған кезде, тиісті нәтиженің де болатыны белгілі.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар