Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылды

(Дауыстар: 1)
Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылды

Жақында Семей қаласындағы Қазақстан инновациялық университетінде Қаракерей Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылды.

Бұл жерде өңірдің зиялы қауымы Қабанбай батыр турасында табылып жатқан тың мәліметтерді ортаға салды. Әсіресе, өз аты Ерасыл болса да, батырдың Қабанбай аталуы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл туралы батырдың өмірін зерттеушілердің бірі Камал Абдрахманов: «Ерасыл» деп азан шақырылып қойылған есімге кейіннен жеңгелері алып денесіне орай Нарбала, жолдастары әкесіне тартқан батыр болар деген оймен Ізбасар, нағашы жұрты - Қабанбай деп атаған. 1723 жылы Түркістанда хан сайланып «Хан Батыр» атанды. Абылай ешкімге теңестірмей «Дарабоз» деп әспеттеді» дейді.

Әркім әртүрлі пікір айтқанмен, ең бастысы, қазақ халқы Қабанбайдай батырларының арқасында елін-жерін жау қолынан аман сақтап, тәуелсіздікке қол жеткізіп отырғандығын ұмытпау керек. Қабанбайдың қайда туып, қайда жерленгендігі де даулы тақырып. Батырдың жүріп өткен жолы әлі де болса жазылып, кеңінен насихаттала түседі деген үміт мол.

- Батыр туралы жырдастандар, зерттеу еңбектер өте көп. Батырдың өмірі мен ерлігі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәттіқара сынды жыраулардың жырына арқау болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының көне қолжазбалар бөлімінде Қабанбайға арналған жырлардың төрт нұсқасы, Қытай қазақтарында онға тарта нұсқасы сақталған екен. Бұл жырларды жинауға Ш.Уәлиханов, С.Торайғыров, Қ.Халидұлы, Қытайда тұратын қазақ ғалымдары З.Сәнік, Б.Садықан және тағы басқа ғалымдар көп еңбек сіңірген. Мұражайға Қабанбай батырдың портретін салғызып, төрімізге іліп қойдық, - дейді Қабанбай батыр мұражайының меңгерушісі Айдар Манабаев.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: Қабанбай батыр

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар