«ЭКСПО-2017» құрылысына ШҚО кәсіпорындары қатысады

(Дауыстар: 1)
«ЭКСПО-2017» құрылысына ШҚО кәсіпорындары қатысады

Шығыс Қазақстандағы құрылыс материалдарын шығарып жатқан шағын кәсіпорындардың өнімі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылысына кеңінен пайдаланылмақ. Өскеменде Қытайдың ШҰАА, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, «Астана-ЭКСПО» АҚ ҰК, «Астана ЭКСПО-2017» корпоративтік қоры, ШҚО кәсіпорындары, бизнес қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен өткен көрмеде халықаралық көрме кешенін салып жатқан бас мердігерлер аймағымыздағы 10 кәсіпорынмен олардың өнімдерін сатып алу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Ресейдің Алтай өлкесі әкімшілігінің өкілі, «Алтай - біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің хатшысы Борис Ларин, Қытайдың ШҰАА Шәуешек қаласы әкімінің орынбасары Шуе Хай Бинь, республикалық бизнес құрылымдары өкілдері қатысқан «Шығысты өзіңе және әлемге таныт» атты тақырыптағы халықаралық көрмеге облыстағы 30-дан астам құрылыс материалдарын өндірушілердің өнімдері қойылды. Алматы облысының, өзіміздің туристік фирмалар да қызметтері мен мүмкіндіктерін, жетістіктерін паш ететін жарнамалары мен ақпараттарын көп алдына жайып салды.

«Алма Град», «Изотерм», «СМУ-Шығыс», «Ульба Электро», «УМК», «Семей силикат зауыты», «Казақцемент», «Корунд», «Өскемен конденсатор зауыты» сияқты байырғы кәсіпорындармен бірге инновациялық өнімдер өндіріп, нанотехнологиямен жұмыс істеп жатқан көптеген жаңа кәсіпорындар өнімдерінің бәрі де құрылысқа, өндіріске арналған материалдар екендігімен ерекше. Көрмеге келген қонақтар мен кәсіпкерлерді бірінің жаңа өнімі қызықтырса, бірінің сапасы мен бағасы назар аудартқызды.

- 15-наурыздан бастап былтырғы көрменің жалғасы іспетті өткізілгелі отырған «Өскемен ЭКСПО-2015» көрмесіне тапсырылған жобаларды іріктеу конкурсы жарияланды. Бұл шара «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындығымызды пысықтап қана қоймай, аймағымызда болашақтың баламалы энергиясын құруға, жасыл технологияларды қалыптастыруға игі ықпалын тигізуде, - деді көрме аясында өткізілген пленарлық кеңеске қатысушыларды аймақтың өнеркәсіптік, туристік әлеуетін дамыту бағытындағы іс-шаралардан хабардар еткен облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Елбасының тапсырмасына орай халықаралық көрме кешенін салу құрылысына негізінен отандық кәсіпорындардың өнімдерін пайдалану мақсатында «Астана ЭКСПО» АҚ ҰК аймақтағы өнім өндірушілермен кездесу, олардың өнімдерінің көрмесін өткізу шараларын өткен жылдан бері өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін құрылысты жүргізіп жатқан бас мердігерлер Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Астана қаласының кәсіпорындарымен меморандумдарға отырған. Аймақтармен жасалған келісімдер бойынша ЭКСПО нысандары құрылысына өңірлердегі 85 отандық өндірушіден 56 млрд. теңгенің өнімі сатылып алынбақ.

Көрмені аралап, өңір кәсіпорындары өнімдерімен танысып шыққан «Астана ЭКСПО» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Алмас Жаманбеков кеңесте облыстағы кәсіпорындармен байланыс мұнымен шектеліп қалмайтынын айтты.

- Көрмеден Шығыстағы құрылыс материалдары кәсіпорындарының шығарып жатқан тауарларының сапасы аса жоғары екенін, өндірістердің басым бөлігінде заманауи технологиялар қолданылатынын көріп тұрмыз. Көрме кешенін салу барысында отандық өнімдерді пайдаланудың деңгейін 80 пайыздан асыруды көздеп отырмыз. Сіздердің облыстағы сапалы, құрылысқа қажетті материалдардың қай-қайсысын да сатып алуға мүдделіміз. Осындай әріптестік елдегі ірі де маңызды жобаны жүзеге асыруға шағын және орта бизнесті тартуға мүмкіндік беріп отыр. ЭКСПО қалашығын салуға облыстарда шығарылатын өнімдерді қолдану үрдісін кеңейту арқылы аймақтардың дамуына мүмкіндік туғызылуда, - деді ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары.

Шығыч Қазақстан облысы өнім өндірушілерін көрме кешені құрылысына қажетті материалдар тізімімен, нысандарды салудың сипаты, ерекшелігімен таныстырған «Астана ЭКСПО» ҰК АҚ құрылыс департаментінің бас менеджері Алмас Қисабеков 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өткізілгелі отырған халықаралық көрме павильонының өзінің аумағы 25 га жерді алып жатқанын, сондықтан, өндірісшілер үшін мүмкіндік көкжиегі бүгінгіден де мол екендігін жеткізді.

Жиын соңында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бас мердігерлері - «АБК Құрылыс-1»ЖШС, «Сембол Иншаат» АҚ, «СК Базис ЖШС», «АДС компаниясы» ЖШС және «Маbco constructions s.a» компаниялары ЭКСПО нысандарын салу кезінде өнімдерін қолданатындығы туралы облыстағы 10 кәсіпорынмен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Облыстағы «Қазақкабель», «Кэмонт», «Востокуниверсал», «Семейпластком», «Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты», «Қазақцемент», «Полиус», «Корунд», «Үлбі фтор кешені», «Тас мақтасы зауыты», «Металлист», «Эгрей», «Семей цемент зауыты» серіктестіктері енді өз өнімдерін көрме кешенін салып жатқан бес бас мердігер компанияға саудалайтын болады.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар