Шығыс Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне келген туристерді қарсы алуға дайын

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне келген туристерді қарсы алуға дайын

Жүз мемлекеттен 300 мыңнан астам адам қатысып, шараны бірнеше миллион келуші көріп, тамашалайды делініп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Шығыс Қазақстанда туризмді дамытудың аса қолайлы сәті туып отыр. Бұл жайлы Өскеменде өткен «Шығысты өзіңе және әлемге таныт» атты тақырыптағы халықаралық көрмеда айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алтай өлкесі әкімдігінің өкілі, «Алтай - ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің хатшысы Борис Ларин Ресей, Қытай, Моңғолия, Қазақстан сияқты төрт мемлекеттің шекарасымен ұштасып жатқан Шығыс өңірінде туризмді дамытудың халыққа ыңғайлы тиімді тетіктерін жетілдіруге, төрт елдің алты аймағын араластырып, ынтымақтастырып отырған Алтайдың - Алтын таулардың байлығы мен берекесін ел игілігіне айналдыруға қатысты өз ұсыныстарын да айтты.

Облыста қазір 329 туристік фирмалар мен қызмет көрсету нысандары жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы олар 3,5 млрд. теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл қаржы аз болып көрінгенімен бұрынғы уақыттармен салыстырғанда әжептәуір, 15 пайызға өскен. Шығыс Қазақстандағы курортты аймақтарда демалушылар саны сегіз пайызға артып отыр. Облыста туризмді дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған жол картасы бойынша көктемнен бастап өңірлерде туризм нысандарын салу, қайта жаңғырту жұмыстары басталмақ. Қазіргі күні «Бизнесті дамытудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 10, «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша алты, кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен 28 туристік жоба жүзеге асырылуда. Өзен, көл, орман, тоғайлы демалыс орындарынан бөлек аймақтағы родон, пантымен, балшықпен емдеу орындарының өзі айырықша туристік кластер құруға тұрарлық.

ШҰАА Шәуешек қаласы әкімінің орынбасары Шуе Хай Бинь, аталған қаладағы сауда мекемесінің жетекшісі Айтан Айтыкен ол жақтағы тұрғындардың әсіресе, біздің облыстағы Алакөлге келуге ынтығып отыратынын, осы орайда екі жаққа да жайлы, оңды туристік қарым-қатынас байланыстарын орнатсақ деген ойларын жеткізді.

Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының үйлестірушісі Мәлика Қоянбаева 2011 жылдан бастап қолға алынған бағдарлама аясында Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлікті өркендетуге, өзінің шағын кәсібін, сервистік қызмет көрсету орындарын ашушыларға қолдау көрсетіліп қана қоймай, аймаққа туристер тарту мақсатында облыстағы көрікті жерлердің фотоконкурсы ұйымдастырылып, елде конкурс жеңімпазы деп танылған 500 фотоның жылжымалы көрмесі өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен «Астана ЭКСПО»ҰК АҚ, Инвестиция және даму министрлігі арасында туризм және өнеркәсіпті дамыту жөнінде ынтымақтастық меморандумдары қабылданды.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар