Ұлттық палата отандық өндірушілерді қолдайды

(Дауыстар: 1)
Ұлттық палата отандық өндірушілерді қолдайды

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниял Ахметовтің ұлттық кәсіпкерлер палатасы перзидиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Өскемен қаласында кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын құру, «Қазақстанда жасалған» акциясының аясында отандық өндірушілерді қолдау, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, ұзақмерзімді келісімдер тетігін енгізу мәселелерін талқылаған жиынға өңірдің шағын және ірі бизнес өкілдері де қатысып, өз ұсыныстары мен проблемаларын ортаға салды.

ШҚО әкімі шығысқазақстандық кәсіпкерлер өңір экономикасының дамуына белсенді үлес қосып отырғанын, әсіресе, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында тың да тартымды жобаларды жүзеге асырып отырғанын атады.

- Облыста жалпы құны 690 млн. теңгенің 76 жобасы жүзеге асырылуда. 40 жоба бүгінге дейін іске қосылса, қалғаны 2015-2018 жылдар аралығында өндірісті бастауы тиіс. Солардың арасында Ақтоғай және Бақыршық кеніштерін игеру жобаларының келешегі зор. Ал атом өнеркәсібін құру және титан өндірісін кеңейту, күн энергиясын пайдаға жарату жобалары өңірдің инновациялқ мүмкіндігін арттырмақ. Аграрлық салада да инновациялық жобалар жүзеге аса бастады. Ел аумағындағы үш роботтандырылған тауарлы-сүт фермасының екеуі біздің облыста салынған. Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын облыс кәсіпкерлері қалтқысыз жүзеге асыруда. Аймақ кәсіпкерлері бүгінде 240 мың адамды жұмыспен қамтып, ел бюджетіне жыл сайын 100 млрд. теңге көлемінде кіріс түсіріп отыр, - деген облыс әкімі Даниал Ахметов мемлекет тарапынан ұлттық кәсіпкерлер палатасына үлкен қолдаумен бірге зор сенім артылып отырғанын, мұның барлығы елдегі тұрақтылыққа негізделген саясаттың арқасында болып жатқанын атады.

Тимур Құлыбаев ұлттық палатаның бір жылда ауыз толтырып айтарлық міндеттер атқарғанын жеткізді.

-Палата жұмысын бастағанына бір жылдай уақыт өтті. Осы аралықта Үкіметпен, Парламентпен, министрліктермен, даму институттарымен, Ұлттық банкпен күнделікті байланыс орнаттық. Әр облыста өңірлік кеңестер мен дирекциялар, аудандарда жергілікті филиалдар жұмысын бастады. Ендігі міндет - осы құраммен саланы дамытуға бөлінген қаржыны кәсіпкерлерге тікелей жеткізу. Кәсіпкерлердің құқығын қорғап қана қоймай, оларға жол көрсету де біздің міндет, - деді ұлттық палата президиумының төрағасы.

Тимур Құлыбаев санкциялық қақтығыстар мен көрші ел валютасының құлдырауы, мұнай бағасының екі есеге арзандап кетуі отандық кәсіпкерлерге де әсер ете бастағанын, сол үшін Мемлекет басшысы саланы сауықтыруға бір трлн. теңге бөлгізгенін атап өтті. Бұдан бөлек отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясы арқылы елімізде өндірілген өнімдерге деген сұранысты арттырудың тетіктері жасалуда.

Палатаның облыстық филиал директоры Игорь Шацкий жыл бойында тоғыз басым бағыт ойынша тындырылған жұмыстарға тоқталды. Бір жылдың ішінде палатаның қарауына кәсіпкерлерден екі мыңға жуық жүгінім түскен. Соның 706-сы арыз-шағым сипатында. Әсіресе, жер және салық қатынастары, рұқсат беру құжаттарын алудың қиындықтары, әкімшілік кедергілер жөнінде мәселелер қаралған. Палата филиалының араласуымен кәсіпкерлерге қарсы қозғалған 10 қылмыстық іс тоқтатылып, әкімшілік кедергі туындататын 30 орынсыз талап жойылған. Диалог алаңының арқасында ірі және шағын бизнес өкілдерінің арасында өзара байланыс нығайып, жергілікті өнімдерге жергілікті нарықтың сұранысы ұлғайғанын айтқан И.Шацкий электр энергиясы мен теміржол тасымалының тарифі үздіксіз қымбаттауы өңір кәсіпкерлерінің тынысын тарылтып отырғанын жеткізді.

И.Шацкийдің айтуынша, дуальді оқыту ісіне 11 кәсіптік колледжбен жұмыс істейтін 53 кәсіпорын белгіленген. Филиал директоры теңге бағамының тұрақтылығына деген күмәннің кесірінен банктердің несиені доллармен ғана беруге ынталы болуы да кәсіпкерлер үшін тұсау болып отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ, кәсіпкерлер тарапынан субсидия бөлудің, бизнес-жобаның инфрақұрылымын бюджеттен қаржыландырудың айқындығын арттырса деген ұсыныстар жиі айтылатынын атап өтті. Дәл осы мәселелер бойынша арыз-шағымдар жиі түсетінін Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов та растады. Әсіресе, малдың жүні мен терісін өңдеуші кәсіпорындардың мәселелері шешімін таппай отырса керек.

Тимур Құлыбаев Семейдің бір кездері жеңіл өнеркәсіптің орталығы болғанын еске сала келе, шаһар кәсіпкерлерінің мәселесі палата тарапынан ерекше бақылауда болатынын айтты.

Отырыста Сейілжан Сайлаубаев, Владимир Кошелев сынды кәсіпкерлер жергілікті өндірушілер атынан сөз алып, мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Тимур Құлыбаев көтерілген мәселенің бәрі назарға алынғанын, алдағы уақытта кез келген кәсіпкер өз мәселесі мен ұсыныстарын өңірлік кеңес арқылы жеткізе алатынын, өңірлік кеңестің ұсыныстары мен тәжірибелері палата жұмысына негіз болатынын атады.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар