Шетелдік инвесторлар ірі жобаларға қаржы құюға дайын

(Дауыстар: 1)
Шетелдік инвесторлар ірі жобаларға қаржы құюға дайын

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның концессиялық жобаларына қаржы құюға мүдделі ірі шетелдік инвесторлармен кездесу өткізді. «Юнит Групп» халықаралық компаниясының президенті Унал Айсал жергілікті атқарушы билікпен ынтымақтастыққа әзір екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысын таныстыра отырып, аймақ басшысы қонақтарға өнеркәсіптік әлеует, ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштер туралы айтып берді.

- Шығыс Қазақстан облысы - кен игеру саласы дамыған өнеркәсіптік аймақ. Біздің кәсіпорындар полиметалдар шығарады, атом электр станцияларына арналған уран таблеткаларын өндіретін зауытымыз бар. Нақ осы Шығыс Қазақстанда бериллий өндірісі жұмыс істейді. Дәл осындай зауыт әлемде тек екеу ғана. Тантал өндірісі де бар, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Алдағы уақытта біз тағы екі ірі кен игеру кәсіпорнының құрылысын аяқтаймыз - Ақтоғайда және Бақыршықта. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштері жоғары. Облыс мал шаруашылығы секторын, өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған орасан зор әлеуетке ие.

Инвесторлар делегациясы Өскеменге Түркиядан келді. Қонақтарымыздың 40 жылдық тарихы бар компаниясының географиясы барынша кең. Унал Айсал «Юнит Групп» әлемнің сегіз елінде жұмыс істейтінін мәлім етті. Олар энергетика саласында маманданған, табиғи газ сатады, туризмге, басқа да салаларға инвестиция салады.

- Біз подстанциялар жасаймыз, оларды іске қосамыз, электр энергиясын сатып аламыз және сатамыз. Біз Қазақстанда ынтымақтастықтың кез келген түріне әзірміз және мұнда ұзақ мерзім жұмыс істегіміз келеді, - деп атап өтті компания президенті Унал Айсал.

Облыс әкімдігі басқосуда өңірдің ірі концессиялық жобалары туралы мәселе көтерді. Оған Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірді салу, ұзақтығы 461 шақырымдық Зырян - Майқапшағай теміржол желісін төсеу, Өскеменде 300 төсек-орындық көпбейінді аурухананы және Семейде 200 төсек-орындық қалалық балалар ауруханасын тұрғызу енеді.

Сонымен қатар, «Юнит Групп» халықаралық компаниясының Өскемендегі алты балабақшаны және Семейдегі бес мектепке дейінгі мекемені салу және қолдануға беру бойынша конкурсқа қатысу мәселесі талқыланды. Барлық жобалар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қарастырылады.

Атап өтерлігі, мемлекет өз тарапынан уақытша тегін пайдалану құқығымен жер телімдерін беруді, қажетті инженерлік коммуникацияларды тартуды міндетіне алады. Концессия шарттары бойынша инвесторлар жұмсаған қаржы оларға жеті жыл ішінде қайтарылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар