Қыдыр ата жайындағы ақиқат пен аңыз

(Дауыстар: 7)
Қыдыр ата жайындағы ақиқат пен аңыз

Бүгінде еліміз Жаңа жылды қаңтардың бірінші жұлдызы деп танығанымен, халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша Ұлыс күнді жыл басы санайды.

Бұл күн - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жанжануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Халқымыз осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Григориан күнтізбесі бойынша ескіше - 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі әулие, адамға қамқоршы, дәулет беруші. Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып, бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.

Алдымен осы «қыдыр» немесе «қызыр» сөзіне тоқталар болсақ. Араб тілінде « негед »додض әріп бар. Негізінде бұл әріп қазақ тіліндегі «д» және «з» д+з әріптерінің қосындысы арқылы шығатын әріп. Хидыр .رض адашқазақ ітпебес ысОخ бұл сөз кей жерде «қыдыр», басқа бір жерлерде «қызыр» болып жазылып жатады. Хызыр сөзін қазақшаға аударсақ, жасыл адам деген мағына шығады. «Хадар» - арабша жасыл деген сөз. «Хадрауат» - жасыл көкөністер. Бұл кісінің Хыдыр деп аталуына бірнеше аңыз бар. Хыдыр егер бір жерге отырып, кейін ол жерден тұрып кеткенде, әлгі отырған жері жап-жасыл боп қалады екен. Екіншіден, ол кісі жасыл киім киіп жүрген екен. Осы себепті жасыл адам яғни, хыдыр деп аталып кеткен екен.

Осыған дәлел болу үшін мысал келтірейік, «Араб» клубы сайтында Хыдыр есімі жайында мынадай мәліметтер берілген: Илия ибн Мәлкән ибн Амир ибн Шалих ибн Арфахшад ибн Сам ибн Нух. Оның Хыдыр аталу себебі бір ақ жерге отырса, ол жердің түсі жасылға айналар еді. Намаз оқыған жері де жасыл болатын. Және үстіне жасыл киім киіп жүретін. Оны Жәржәс пайғамбар деп те атайтын. Қазақтың салт-дәстүріндегі Қыдыр атаға үңілер болсақ, ол - әулие, көріпкел, жақсылық беруші, бата беруші. Әйтеуір бар жақсылықты адамзатқа дарытушы.

Әзірлеген - Лаура Тілеубайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар