Театр саласының үздіктеріне арнайы стипендия тағайындалатын болды

(Дауыстар: 1)
Театр саласының үздіктеріне арнайы стипендия тағайындалатын болды

27-наурыз - халықаралық театр күні. Міне, осынау мерейлі мерекені Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ұжымы да лайықты атап өтті. Өнер майталмандарын кәсіби мерекесімен ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көрермен қауым бұл күні театрға әлдебір қойылымды тамашалау үшін емес, сахна шеберлерінің қуанышын бөлісу үшін жиналды. Өйткені, 1961 жылдан бастап тойланып келе жатқан кәсіби мерекенің өнерді өмірінің өзегі етіп, театрды тағдырына балаған жандар үшін жөні тым бөлек екені сөзсіз.

- Театр дегеніміз - қоғамның айнасы, бүгінгі өмір сүріп отырған заманымыздың бет-бейнесі. Сондықтан да сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтағым келеді. Жан-жағымыздағы елдерде қандай жағдайдың орын алып жатқанына өздеріңіз куә болып, көріп отырсыздар. Сондықтан да осынау күннің қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. Мұндай бірлескен жұмыстар бейбіт, тыныш елде ғана болады, - деген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мемлекеттің театр өнеріне үлкен қолдау көрсетіп отырғанын да тілге тиек етті. Енді санаулы күндерден соң, облыстық театр ұжымы жаңадан салынған еңселі ғимаратқа көшпек. Бұл да мемлекеттің зор қамқорлығының арқасында мүмкін болып отыр. Сонымен қатар Жақсылық Омар алдағы уақытта облыс әкімі Даниал Ахметовтің шешімімен өнер, театр саласының үздік қызметкерлері үшін арнайы стипендияның тағайындалатынын да жеткізді. Қомақты соманы құрайтын марапатқа өз саласының нағыз шеберлері ғана ие болмақ.

Осынау салтанатты шарада театр актерлерін кәсіби мерекемен облыс орталығына арнайы гастрольдік сапармен келіп, бұл күндері Металлургтер сарайында өскемендіктер үшін өнер көрсетіп жатқан Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Асқар Бөрібаев та құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ол өзінің Өскеменде бой көтеріп жатқан жаңа театрдың ғимаратын тамашалап, ерекше сезімде болғанын айта келіп, облыстық театр ұжымының жаңа театрда жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

Жалпы, кәсіби мерекені өнер адамының есеп беру күні десе де болғандай. Мен қандай жетістікке жеттім? Көрермен жүрегіне жол таба алдым ба, жоқ па? Алда қандай биікке қол созуым керек? Сахна өнеріне шын берілген жандардың кәсіби мереке күні іштей осындай сауалдарға жауап бергені де анық.

Бүкіләлемдік театр күніне арналған осынау салтанатты шарада өнерімен үздік танылған актерлерге облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2013-2014 жылдарға арналған «Маска» сыйлығы табыс етілді. Атап айтсақ, «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясына Б.Рамазанның «Шырмауық» спектакліндегі «Бала» рөлі үшін Жасұлан Серкетаев ие болса, «Балалар қойылымындағы үздік рөлі» номинациясы «Екі дос немесе делдал қарға» ертегісіндегі «Теке» рөлі үшін Сырым Алпысбаевқа бұйырды, ал «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» номинациясымен Ұ.Есдәулеттің «Қара пима» спектакліндегі «Көрші» рөлі үшін Майра Арғынбекова мен осы спектаклдегі «Ана» рөлі үшін Мәдина Исина марапатталды. Сондай-ақ, «Жас талант», «Жылдың үздік сценографы», «Театр өнерін дамытудағы еңбегі» атты номинациялар да өз иелерін тапты. «Театр өнерін насихаттағаны үшін» бірқатар журналистер алғыс хатпен марапатталды.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар