Титан-магний комбинаты жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті

(Дауыстар: 1)
Титан-магний комбинаты жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті

Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына үлесін қосып келе жатқан «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға әлемдегі серіктестіктерімен қатар инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау, ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

1965 жылдың 27 наурызында комбинаттың тәжірибе цехында қазақстандық алғашқы титан алынды. Білікті басшылық пен еңбек ұжымының арқасында кәсіпорын өндірістік жетілдірудің түрлі сатыларынан өтіп, бүгінде титан өнімінің бірнеше түрін өндіріп қана қоймай, әуе-ғарыштық өнеркәсібін титан кеуегімен қамтамасыз етіп, әлемдік рыноктағы ең ірі өндірушіге айналып отыр. Ел экономикасының дамуына серпін беріп отырған «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ Елбасы назарынан тыс қалған емес. Бұл күні де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорынның жарты ғасырлық мерейтойына арнап өзінің құттықтау хатын жолдады. Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау еңбек ұжымына Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

- Құрметті, комбинат еңбеккерлері, сіздерді 50-жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ ұлттық индустриямыздың мақтанышына айналған ірі металлургиялық өндіріс болып табылады. Кәсіпорынның жарты ғасырда жүріп өткен жолы инженер, металлург, технологтардың бірнеше ұрпағының табанды еңбегінің арқасында табысқа толы. Бүгінде кәсіпорын әлемдегі титан-магнидің басым бөлігін өндіретін өндіріс ретінде танымал, - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Комбинат тарихы тегіннен-тегін өткен ғасырдың екінші жартысында бастау алған жоқ. Космос пен авиацияның дамуы титан өндірісіне жол ашты.

- Отандық брендке айналған «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ - іске қосылғалы бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі іргелі өндіріс орны. Титанға авиация, зымыран-ғарыш өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе, суасты флотында сұраныс өте жоғары. Осыған орай жыл өткен сайын өндіретін өнімнің сапасымен қоса көлемі де артып отыр. Осы орайда сол сұранысты уақытында сапалы қамтамасыз етіп отырған барлықтарыңыздың еңбектеріңіз зор, - деді кәсіпорын басшысы Әсем Мамутова.

Шетелдік әріптестерімен сан түрлі бірлескен жобаларды қолға алып, қазақ жерінде өндірілген титан өнімдерін - Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада сынды елдерге экспорттап келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасының бірінші бес жылдығының жобаларын жүзеге асыру барысында француздың «Обер э Дюваль» және оңтүстіккореялық «РОSСО» компаниясымен «ПОСУК Титаниум» бірлескен кәсіпорындарын құрды. Әлемдегі серіктестерінің бірі «Обер э Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дюваль кәсіпорын ұжымын кұттықтауға арнайы келіп жылы лебізін білдірді.

Нұрымбет Сақтағанов кәсіпорын ұжымын облыс басшысы Даниал Ахметовтің атынан құттықтады.

- «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ облысымыздағы ғана емес, еліміздегі алдыңғы қатарлы кәсіпорын. Өндіріске жаңа технологиялар кіріктіру арқылы Елбасының экономиканы әртараптандыру бойынша алға қойған мақсаттарын орындап келеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірнеше инновациялық жобаларды іске асырып, өндірісті кеңейтті, жаңа жұмыс орындарын ашты. Кәсіпорынның ел экономкасына қосқан үлесі «Парыз», «Алтын сапа» номинацияларымен марапатталды. Сіздерді мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, мақсаттарыңызға сүрінбей жетулеріңізге тілектеспін, - деді.

Салтанатты жиын барысында кәсіпорынның бірқатар еңбеккерлері үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды.

Лаура Тілеубайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар