Қоғамдық қабылдауға келушілер көп

(Дауыстар: 1)
Қоғамдық қабылдауға келушілер көп

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың ШҚО қоғамдық қабылдауы 27 наурызда өзінің жұмысын бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға арналған облыстық сайлауалды қоғамдық штабтың төрағасы Нұрлыбек Шерубаевтың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты - осы қоғамдық қабылдаудың жұмысы арқылы тұрғындар мәселелерінің оң шешілуіне шұғыл түрде әрекет ету, сол арқылы халықпен тығыз байланыстың тиімді жолын қалыптастыру. Қоғамдық қабылдаудың жұмысына президенттікке үміткердің сенімді өкілдері мен қала тұрғындары қатысатын болады.

- 2014 жылы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен депутаттардың жеке қабылдаулары екі есе артып, екі мыңға дейін жетті. Қабылдаулардың нәтижесінде 1500 мәселеге нақты түсініктер берілсе, 500 мәселе оң шешімін тапты. Жалпы, өткен жылдың көлемінде азаматтардан жиыны төрт мыңнан аса өтініш келіп түсті. Сайлауалды науқан кезінде азаматтар тарапынан арыз, өтініш көп түсетін болады. Біздің мақсатымыз - олардың бірде-бірін назардан тыс қалдырмай, мәселелерінің шешімін табуына ықпал ету, - дейді Нұрлыбек Шерубаев.

Қоғамдық қабылдауға өтінішпен келгендердің бірі - 67 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Бағдат Мұқашева. Оның балалары қиын жағдайларға тап болғандықтан, төрт немересін өсіріп-жеткізу бір өзінің мойнына артылып қалған. Енді жасы ұлғайып, қайраты кеміген шағында өзгелердің көмегіне жүгінуге тура келген. Дәлірек айтсақ, ақылы бөлімде оқитын үлкен немересінің жоғары оқу орнындағы оқуын жалғастыруына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан қолдау-көмек сұрай келген. Жетекші партия өкілдерінің араласуымен мәселе оң шешіліп, сабақ үлгерімі үздік қыз бала енді диплом жұмысын қорғауға кіріскен.

Ал Наргиля Насибованың ұлы екінші топтағы мүгедек, сабақты үйден оқып, тоғызыншы сыныпты аяқтаған. Алайда, болашақта ел қатарлы колледжге түсуі үшін оныншы сыныпты жалпыға бірдей орта мектептен оқуы қажет. Баласының келешегіне алаңдаулы ана өз бетімен туындаған мәселені шеше алмаған соң, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдауға өтінішпен жүгінген. Бұл мәселе де партияның араласуымен тез арада шешіліп, жасөспірім қала мектептерінің біріне орналастырылған.

Облыстық қоғамдық қабылдау жұмысын бастаған аз уақыттың ішінде мұнда отыздан аса адам жеке мәселелерімен келді. Әр адамның артында олардың тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, өмірі тұрғанын ескерсек, партияның жауапкершілігі еселене түседі. Сондықтан алдымызға келген адамдардың проблемаларын шешуге барынша күш салатын боламыз, - дейді Қазақстан Республикасы президенттігіне «Нұр Отан» партиясынан үміткердің сенімді өкілі Мәкен Рахимова.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: Нұр Отан

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар