Ұлы Жеңісінің 70-жылдығына арналған суретші-майдангерлердің көрмесі ашылды

(Дауыстар: 1)
Ұлы Жеңісінің 70-жылдығына арналған суретші-майдангерлердің көрмесі ашылды

Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Суретші - майдангерлер: соғыс және бейбітшілік» атты сурет көрмесі ашылды. Сұрапыл соғыс туралы көрсетілген бейнероликтер, ондағы қандай қиындықта болсын жігеріңді жанып, рухыңды көтерер атақты диктор Левитанның дауысы, Әлия Алмасованың, «Визит» студиясының орындауындағы әскери әндер көрмеге келушілердің ешқайсысын да бей-жай қалдырмады.

Соғыстың жеке адам үшін де, бүкіл ел үшін де өлшеусіз қасірет екендігі белгілі: миллиондаған қаза болғандар мен жараланғандар, мыңдаған жарымжан тағдырлар, жан түршіктірер ауыр әлеуметтік зардаптар... Ұлы Отан соғысы қаза болғандар саны мен қатыгездігі жағынан бұған дейінгі соғыстардың барлығынан «озық» тұр. Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ұрпақ - ерекше ұрпақ, жеңімпаздар ұрпағы, батырлар ұрпағы. Ересен құрбандыққа ұшырай отырып, олар Жеңіске жетті. Бүгінгі өркениет фащизмнен құтқарғаны үшін советтік азат етуші жауынгерлер алдында қарыздар. Неміс фашистерімен болған сұрапыл соғысқа қатысқандар өздерінің жады мен жанынан шегі жоқ қасіретті әсерлерін ешқашан шығарып тастай алмайды. Сондықтан да соғыстан кейін кешегі сарбаздар мен сардарлардың көпшілігі көкіректерін күйдіріп тұрған соғысты, өз полктастары туралы естеліктерін кенеп бетінде мәңгі есте қалдыру үшін сурет өнеріне мойын бұрды.

Көрменің ашылуына келген ҚР Суретшілер одағының мүшелері Н.Аштема. Қ.Қадырбеков, Е.Тұрғанбаев сынды қылқалам шеберлері, еңбек ардагерлері мен көпшілік көрермен жастар көрмені аралай жүріп, міне, осы жайларға кеңінен тоқталып, алдағы уақытта қандай да болсын соғыстың бетін аулақ қылса екен деген жүрекжарды тілектерін білдірді.

Өткен соғыстың қасіреті мен мәні суретші-майдангерлер Н.П.Долбилкин, А.Н. Лаврушин, Б.И. Французов шығармашылықтарында елеулі орын алды. Олар соғысты өз көздерімен көрді және олар өз әсерлерін кескіндемелік шығармаларында бейнелеуге тырысты. Олармен танысу бізге соғысты «ішкі жағынан», адами драмаларды ашу арқылы көруге мүмкіндік береді.

Ұлы Жеңісінің 70-жылдығына арналған суретші-майдангерлердің көрмесі ашылды

Экспозицияның көп бөлігін суретші Французовтың графикалық жұмыстары құрайды. Оның өміріндегі соғыстың екі жылы одан кейінгі шығармашылық тағдырына үлкен әсер етті: соғыстағы басынан кешкендері балалық әсерлерінің барлығын ысырып тастап, оның шығармашылығындағы басты тақырыпқа айналды. Французов ағып жатқан кеңістік-уақыттың бір мезеттік сәтін тоқтатып, оны мәңгіліктің қазынасы етуді жақсы меңгерді. Оның графикасы асқан шеберлікпен орындалған. Французовтың графикасы бізге «сұрғылт түстің барлық реңктерін» көрсетіп қана қоймайды, адамның жарқын лирикадағы көңіл-күйінің кең диапазонын да көрсетеді. Оның «Жолдағы демалыс», «Майданнан оралу», «Есенинді оқығанда», сондай-ақ, бас көтертпес қайғыны көрсететін «Қайтпады», «Соңғы шеп» туындылары кезкелген көрерменді бей-жай қалдыра алмайды. Графиканың сараң құралдарын пайдалана отырып, Французов тән пластикасының, бет мимикасының, композициялардың толық тарихын «бейнелей» алған.

Соғыстың сұрапылын көрген суретшілер әрбір бейбіт күнге соншалықты қуанады. Г.М.Сухотерин, В.В.Тихонов, К.И Шебеко, А.П.Яковлев, П.У.Ястребовтың жұмыстарында кең байтақ еліміздің алтын түсті қайыңдарынан бастап, Камчаткадағы қысқа ғана солтүстік жазының ашық бояуларына дейін көрсетілген. Натюрморт жанры - суретшілер А.Н. Лаврушин мен И.А. Бондаренконың полотнолары. Бейбіт кезеңнің еңбек ырғағы - А.М. Степанов пен Д.Р. Калачевтің жұмыстарында. Н.П. Долбилкиннің, С.Л. Фроловтың, Г.Г. Рычковтың, И.Л.Кацтың салған түрлі портреттерін де көрерменнің қызыға тамашалайтындығы сөзсіз.

Айтмұхамбет Қасымов,
Шығыс Қазақстан өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар