Саламатты өмір салты - ұлт денсаулығының кілті

(Дауыстар: 1)
Саламатты өмір салты - ұлт денсаулығының кілті

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні биыл Қазақстанда «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын!» ұранымен өтеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің болашағының негізі ретінде салауатты қоғамды қалыптастыруға қатысты басты басымдылықтар айтылған. «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», - деп атап айтты Елбасы.

Денсаулық - еңбектің өнімділігінің, экономикалық дамудың және елдің өсуінің басты факторы екені белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірі бойынша, денсаулық мықтылығының 50-55 пайызы адамның өмір сүру салтына, 20-23 пайызы тұқымқуалаушылыққа, 20-25 пайызы қоршаған ортаға (экологияға), 8-12%-ы ұлттық денсаулық сақтау саласының жұмысына байланысты екен. Сол себепті денсаулықты қалыптастыру мен нығайтудың басты жолы - салауатты өмір салты деп есептеуге болады.

ДДҰ-ның сарапшылары салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған басты ұсыныстарды былайша орналастырған. Бірінші кезекте тағамда жануар майын аз тұтыну, тұз бен қантты қолдануды шектеу қажет. Сонымен қатар фермерлер мен өндірушілерден бастап, саудагерлер мен тұтынушылар да азық-түліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етулері керек. Оған қауіпсіз тамақтану қағидасынан бастап, азық-түліктерді таза жерде сақтау, жылумен өңделетін азық-түліктерді шикі азық-түліктерден аулақ ұстау, жылумен қажетті температурада өңдеу, қауіпсіз су мен шикі азық-түліктерді қолдану ережелерін сақтау жатады. Екінші орында алкогольді ішімдіктерді тұтынуды шектеу тұр. Бұдан кейін артық дене салмағынан құтылу және үнемі дене жаттығуларын жасауға дағдылану қажеттілігі көрсетілген. Ең соңғы кезекте күйзеліс деңгейін төмендету ұсынылады.

Осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы ұзақ та белсенді өмір сүруге болатынын айтады сарапшылар.

Денсаулық мерекесі күні облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының бастамасымен облыс көлемінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындарға дәрігер мамандардың тегін кеңесін алуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ жас аналар мектебі, отбасын жоспарлау мектебі, босануға дайындық мектебі және басқа аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар кешені ұйымдастырылады.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар