Мемлекеттік басқару жүйесі сарапқа салынды

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік басқару жүйесі сарапқа салынды

Өскеменде Президент жанындағы Қазақстандық стретегиялық зерттеулер институты және «Саясаттанушылар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қуатты Қазақстан тұжырымдамасындағы бес институциональдық реформа» атты өңірлік сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Саясаттанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Оразғали Селтаевтың айтуынша, мұндай форум осыған дейін Алматы қаласында өткен. Екінші рет Өскеменде өтіп отырған форумда сөз алған Тұңғыш Президент кітапханасының сарапшысы Андрей Чеботарев мемлекеттік қызметке кәсіби мамандар таңдаудың жүйесін жақсарту, коррупцияның алдын алу, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жөнінде баяндама жасады.

- Мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдауда және қызмет сатысымен өсу барысында жемқорлықтың алдын алу үшін озық технологиялық амалдарды қолдануымыз керек. Яғни, Қырғызстан мен Молдованың тәжірибесіндей полиграфта тестілеу арқылы ғана мемлекеттік қызметке қабылдаған жөн, - деді Андрей Чеботарев. - Елбасымыз мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ерекше мән беріп отырады.

Форумда бірқатар маңызды тақырыптар қамтылып, қатысушылар кеңінен пікір алмасты. ШҚО болжау және талдау институтының директоры, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту туралы сөз қозғады. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығының» дирек торы Надежда Сафонова «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың басты базисі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару және әлеуметтік серіктестікті дамытудағы Шығыс Қазақстанның тәжірибесіне тоқталып өтті. Ал Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті Өскемен қаласындағы филиалының оқытушысы Оксана Морозова Қазақстанның дамуының түп негізі болып табылатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың есептілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, әлеуметтік мемлекет, сот жүйесін жаңғырту, азаматтық сектор мен жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар