Жасөспірімдеріміз волейболдан алдына жан салмады

(Дауыстар: 1)
Жасөспірімдеріміз волейболдан алдына жан салмады

Семейде жас волейболшылар арасындағы дәстүрлі ел чемпионаты өз мәресіне жетті. 1997-1998, 1999-2000 және 2001-2002 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсекеге еліміздің барлық облыстарынан 39 команда қатысып, өз шеберліктерін сынасты. Бір аптаға созылған қолдобы додасының қорытындысында жарысқа түскен үш буынның ортаншысы (1999-2000 жылғылар) - шығысқазақстандық волейболшылар он бес команданың арасынан жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. Екінші, үшінші орындарды тиісінше Қызылорда, Алматы облыстарының командалары өзара бөлісті.

Сондай-ақ, ел чемпионатының ең жас буыны саналған 2001-2002 жылдары туған шығысқазақстандық жасөспірімдер де алдыңғы буын ағалары салған жолмен ел чемпионы атанды. Он төрт команда қатысып, шеберлік сынасқан бұл буындағы бәсекеде шымкенттік жасөспірімдер күміс жүлде алса, Сыр елінің ойыншылары қола жүлдені қанжығалады. Өкінішке қарай, 1997-1998 жылғы жас түлектеріміз інілері шыққан биіктерді бағындыра алмады. Дегенмен, олар да аянып қалған жоқ. Он команда бәсекелескен сайыста жүлделі үшінші орынды місе тұтты.

Сонымен ел чемпионатының қорытындысы бойынша өскемендік Н.Әскетаев, Б.Даумов, С.Бекбосынов, Е.Жакупов, Е.Нұқаев сынды білікті бапкерлер дайындаған шығысқазақстандық қолдобы шеберлері жалпыкомандалық есепте кезекті рет жүлделі бірінші орынды иеленіп, үміт артқан жерлестерінің сенімдерін ақтады, мерейлерін үстем етті.

2014-2015 жылғы оқушылардың демалыс уақытында өткізілген төрт маусымдық ел чемпионатының барлығында шығысқазақстандық волейболшылар жалпыкомандалық бірінші орынды ешкімге берген емес.

Серік Құсанбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Спорт

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар