Азық-түліктің бағасы мен сапасына мән беріледі

(Дауыстар: 1)
Азық-түліктің бағасы мен сапасына мән беріледі

Шығыс Қазақстанның тұрақтандыру қорына алдағы қысқы кезеңге шамамен он мың тонна көкөніс өнімдерін сақтау жоспарлануда.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Шығыс Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына жемісті-көкөніс өнімдерін сатып алу интервенциясын өткізу туралы» қаулыға қол қойды.

Өңірлік сақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу мәселесі бойынша кеңесте 9 700 тонна өнім сатып алу жөнінде шешім қабылданды.

Көкөніс қорының жартысынан көбін картоп алады. Орамжапырақтан шамамен 1,6 мың тонна сатып алу көзделуде. Пияз бен сәбіз екі мың тоннаны, қызылша 270 тоннаны құрайды.

Өскеменде төрт мың тонна көкөніс сақталатын болады. Тұрақтандыру қоры өнімінің қалған бөлігі Семейге арналады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов азық-түлік сатып алу кезінде тауардың бағасы мен сапасына назар аударуды, сонымен қатар, жеткізушілердің орналасу орындарына қойылған шектеулерді алып тастауды тапсырды.

- Өткен жылы көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдары конкурсқа қатыса алмады, себебі, шаруа қожалығының облыстың екі басты қаласынан 100 шақырымнан қашық емес орналасуы туралы тармақ бар, - деді Даниал Ахметов. - Биыл мұндай шектеу болмауы тиіс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар