Көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті

(Дауыстар: 1)
Көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті

10 сәуір күні Қалалық мәдениет сарайында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың мерейлі мезеттеріне арналған «Бабалар жолы - даналар жолы» қалалық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқауға биылғы жылы қатысушылардың ерекше дайындықпен келгені көрініп-ақ тұр. Өйткені, бұл байқау студенттердің әсерлі, қызыққа толы мерекелерінің бірі. Оған іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен университеттің 8 факультеті мен дайындық бөлімінің ең үздік өнерпаздары қатысты.

Сайыста шығармашылық қыры мен кәсіби өнерлерін паш еткен өрендер сахнада өздерін еркін ұстады. Олардың өнерлерін жиналған қауыммен қатар қаламызға белгілі мәдениет қайраткерлері де бірге тамашалап отырды.

Сахна шымылдығын ашқан жас ақындар жалынды жырларын тебіреніспен оқып берді. Көрермендер сондай-ақ Түркештің күйі «Көңілашарды» ерекше ықыласпен қабыл алды. Түрлі ұлт өкілдерінің билерінен құралған «Достық» биі мен әсем әуезді әндер айрықша әсерге бөлесе, «Туған ел» әні шырқалған кезде жиналған жұрт тік тұрып қошеметтеп, қосыла шырқады.
Концерттік бағдарлама өз мәресіне жетіп, марапаттау рәсіміне ұласты. Осылайша, қазылар алқасының шешімі бойынша, үздік өнерпаздар қалалық деңгейде өткізілетін гала-концертте өнер көрсететін болады.

Байқауға төрелік еткен Семей қаласының Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Дәмеш Омарбаева Университет ұжымын құттықтап, атаулы күндерге орайластырылған көркемөнерпаздар байқауының жоғары деңгейде өткізілгенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Студенттік көктем фестивалі аясында «Бабалар жолы - даналар жолы» факультетаралық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша барлық факультеттер белгілі аталымдар бойынша марапатталды.

Осылайша, өнерлі өрендердің басын қосқан бұл байқау жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жас өнерпаздардың шыңдалуына үлкен септігін тигізіп, шығармашылық қабілеттерін аша түсті.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар