Қаңтарылған құрылыстар қатаң бақылауға алынады

(Дауыстар: 1)
Қаңтарылған құрылыстар қатаң бақылауға алынады

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов кестеден кешіккен құрылыс нысандарының жайын мердігер компаниялардың өкілдерімен талқылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Келісімшарттағы міндеттерін аяғына дейін орындамау салдарынан балабақша, мектеп, спорт және мәдениет ғимараттары, дәрігерлік абулаториялар, тұрғын їй мен су құбырлары, жылу желілері мен инженерлік коммуникация сынды әлеуметтік маңызды құрылыстарды негізсіз қаңтарған мердігерлер алдағы тендерлерге жіберілмейтін болады. Аймақ басшысы бұл істі бақылауға алып, аяғына дейін жеткізуді құрылыс, қаржы басқармалары мен әділет департаментіне тапсырды.

- Қаржы дер кезінде бөлінгеніне қарамастан, ақшаны өз қалауларыңызбен игеріп, асқан жауапсыздық танытып отырсыздар. Ал құрылыс басқармасы осындай немқұрайлыққа жол берген. Нәтижесінде бес, алты, сегіз жыл бойы салынып бітпеген «сақалды» құрылыстар пайда болып отыр. Сіздердің құрылыс басқармасына ұсынған мерзімдеріңізді кїтіп отыра алмаймыз. Ешқандай себеп, сылтауларыңыз қабылданбайды, - деген аймақ басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы тарапынан қадағалауды қатайту керектігін де ескертті. Облыс басшысы өз көзімен көрген «сақалды» құрылыстарға жеке-жеке тоқталып, жауапты компанияларға қатаң ескертулер жасады.

- Өткен сенбіде Глубокое ауданындағы медициналық-әлеуметтік интернаттың басында болдық. Құрылыс бітпегеніне қарамастан 181 науқас сонда тұрмыс кешуде. Бұған қоса өртке қарсы қызметтің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, экологтардың ескертулері бары анықталды. Ғимараттың биологиялық шайындылары тікелей өзенге құйылуда. Бұл бассыздықтарға жол бергендердің барлығы тиісті жазасын алуы керек, - деді облыс әкімі. Жиынға облыс орталығындағы 1000 балаға арналған қазақ мектебінің құрылысын сағыздай созған «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС-нің басшысы арнайы шақырылды.

- Бұл компания мемлекеттен қыруар ақша алғанына қарамастан тапсырылған нысанды мерзімінен екі мәрте кешіктірген. Мен құрылыс басына барғанда, алаңда бар болғаны 20 адам жұмыс істеп жїрді. Ал құрылыс қарқынын арттыру їшін бюджеттен 235 млн. теңге аванс алған. Сіздердің жауапсыздықтарыңыздың кесірінен Өскеменнің он мыңдаған тұрғыны балаларын ЖМК ауданынан алыс мектептерге апаруға мәжбїр, - деген облыс әкімі атқарушы органдарға мемлекеттің қаржысы игеріліп жатқан нысандардағы әрбір жағдайға уақытында мән беруді тапсырды.

Жиынды қорытындылаған облыс басшысы барлық 118 нысан жыл аяғына дейін қолданысқа берілуі керектігін жеткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, құрылыс компанияларының шаруаға қырсыздығынан 50 млрд. теңгеге жуық мемлекеттік актив тұралауда.

- Бұл жерде ешқандай ақталу қабылданбайды. Не нысанды көрсетілген уақытта аяқтайсыздар, не сот арқылы өзге мердігерге тапсырамыз, - деген аймақ басшысы Даниал Ахметов жиын соңында 118 нысанның құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларын жеке-жеке қабылдады. Нәтижесінде әрбір нысанды қолданысқа беру бойынша жеке мерзім белгіленіп, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларына қаржы көздерін жылдам аяқталуы тиіс құрылыстарға бағыттау тетіктерін қамтамасыз ету тапсырылды. Осы тәсілмен мектептердің барлығы жаңа оқу жылына дейін дайын болуы керек. Облыс әкімі білім нысандарының сапасын мемлекеттік қабылдау комиссиясына өткізер алдында тікелей тексеретінін ескертті.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар