Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды

(Дауыстар: 1)
Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендегі халыққа гуманитарлық көмек көрсету мақсатында шығысқазақстандықтар «жылу» жинауды бастады.

«Нұр Отан» партиясының ШҚОФ «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен, Шығыс Қазақстанда Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша акция басталды. Көмек үшін жылы киімдер, азық-түлік, балалар тағамы, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, орын-төсек жабдықтары, аяқ-киімдер, көрпе-төсектер сынды негізгі қажеттіліктегі заттар қабылданады. Сейсенбі-сенбі күндері сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Өскемен қаласының орталық «Жәрдем» муниципалдық базарының 2 қабатында (Қазақстан көшесі 76) орналасқан кеңес орталығында заттарды өткізіп, қосымша ақпарат ала аласыздар.

Сонымен қатар, «Жас Отан» Жастар қанатында зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін еріктілер топтарына қабылдаулар жүргізіледі.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы біле аласыздар: 87076046611, 87021314943, жұмыс телефоны 87232705538.

Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар