Тәркіленген балық әлеуметтік мекемелерге таратылады

(Дауыстар: 1)
Тәркіленген балық әлеуметтік мекемелерге таратылады

Наурыз айында өткен аппараттық кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов қадағалау органдарының браконьерлерден тәркілеген балықты игеру мәселесіне жіті назар аударған болатын. Облыстық табиғат пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, тек осы жылдың басынан бері заң бұзушылардан біржарым тонна балық тәркіленген.

ШҚО әкімі заңсыз ауланған балық босқа ысырап болмауы керек екендігін атап өтті. Оларды әлеуметтік мекемелерге үлестіру қажет.

- Ауланған балықтардың мектептерге, ауруханалар мен медициналықәлеуметтік мекемелерге таратылуына күш салуымыз керек. Осылайша балалар мен зейнеткерлерге, науқас адамдарға қамқорлық танытамыз. Құқық қорғау органдары осы салада тәртіп орнатулары тиіс, - деген-ді облыс әкімі.

Осы мәселелерді шешу үшін аймақ басшысы бір ай уақыт берген болатын.

Бүгінгі күні облыс әкімінің браконьерлерден тәркіленген балықтарды әлеуметтік мекемелерге жеткізу жөнінде жүктеген міндеті іске асуда. Ең алғашқы болып тапсырманы орындаған Көкпекті ауданы болды. Осы ауданның орман және аңшылық шаруашылығы жедел отрядының көмегімен тәркіленген 105 келі балық Самар ауылдық жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналықәлеуметтік мекемесіне жеткізілді.

- Бір кездері тәркіленген балықтардың қандай мақсатта пайдаланылғаны белгісіз болса, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармалары басшыларының көмегімен олардың барлығы балалар үйіне жөнелтілетін болады. Біздің балалар сапалы балық жеп, мықты болып өседі, - деді Даниал Ахметов жуықта өткен аппараттық кеңесте.

Көкпекті аудандық сотының шешімімен мемлекет пайдасына 1600 келіден астам балық тәркіленген. Оларды мекемелерге тарату үдерісі іске асып жатыр. Заңсыз ауланған балықтың қай мекемеге берілетіндігін шешетін арнайы комиссия құрылды. Осыған ұқсас комиссия облыстың өзге де аудандарында жұмыс істейді (Тарбағатай, Күршім, Зайсан). Комиссияның басты міндеті - көмекке ең зәру мекемені анықтау. Заңсыз өнім ең алдымен сол мекемеге жол тартатын болады.

Лаура Тілеубайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар