Үржарда темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт ашылмақ

(Дауыстар: 1)
Үржарда темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт ашылмақ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында мемлекетіміздің қарқынды дамуы үшін нақты бағыттарды әр сала бойынша айқындап берді. Осы орайда ШҚО Үржар ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

- Алда атқарар жұмыс көлемінің ұлғаюына және жауапкершіліктің артатынына байланысты ауыл әкімдігіне қосымша бірнеше штат берілді. Әрбір маманның міндеті айқындалып, жауапкершілігі нақтыланды, - дейді Үржар ауылдық округінің әкімі Сайлауғазы Шарықбаев.

Былтыр округ әкімі атына 55 жазба өтініш түсіп, барлығы шешімін тапқан. Үржар ауылына аудан орталығы және ең үлкен елді мекен ретінде артылатын жұмыстардың көлемі де басқаларға қарағанда ауқымды. Ұйымдастырылған мәдени-көпшілік жұмыстардың бәрі Елбасы саясатын түсіндіруге бағытталған. Бірдебір ұлттық мереке атаусыз қалмады. Оған округке қарасты Қызылту, Бұрғон ауылдары да шет қалмай қатысып тұрады. - Былтыр жеке секторда ірі қара малға 7 табын, бойдақ малға 4 табын, ұсақ мал бағуды да жолға қойып, 6 табын ұйымдастырдық. Орталық Абылай хан даңғылымен мал айдауды толық тоқтаттық. Гүлзарларға мал түсу фактісі болған жоқ, - дейді округ әкімі.

Негізгі бағыт ауыл шаруашылығы болғандықтан, ауылдағы 186 шаруа қожалық иелерімен және жеке мал ұстаушылармен жұмыс дұрыс жолға қойылған. Учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен мал ұрлығын болдырмау мақсатында шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарынан сүт өнімдерін қабылдау пунктерін ұйымдастыру мақсатында жеке кәсіпкер Т.Ақпековтің несие алуына қолдау көрсетілген. Сүт өткізуге халық арасында үгітнасихат жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығына 40 миллион теңге субсидия алынды. Оның ішінде 9 миллион теңге ет бағытына, 31 миллион теңге аналық бастарды ұстауға және басқа аудандардан әкелінген мал басына алынды.

Жеке кәсіпкерлермен бағаны ырықтандыруға қатысты 67 меморандум жасалды. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі жыл бойына 45 теңгеден асырылмауы қамтамасыз етілді. Аз қамтылған отбасылар, ардагерлер және оған теңестірілгендер, мүгедектер тізімі жасалып, дүкен иелеріне беріліп, 18 әлеуметтік бұрыш ұйымдастырылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында әр сенбіде жәрмеңке өткізіліп, жеміс-жидек, ет-сүт, нан өнімдері базар бағасынан 20-30 пайыз арзанға сатылды. Округ бойынша 8 шаруа қожалығымен тұрақтандыру қорына 676 тонна картоп, 48 тонна сәбіз, 20 тонна сарымсақ, 71 тонна орамжапырақ және 5 тонна алма өткізу жөнінде меморандум жасалды.

Шағын несие беру жөніндегі бағдарламаларды насихаттау барысында 6 тұрғын 16 миллион теңге несие алды. Оның ішінде С.Тұрдыбекова кафе ашуға 1,5 миллион теңге, З.Қонысова жылқы өсіруге 2,5 млн. теңге алды. Бүгінгі күні кәсіпкерлер жұмыстарын жүргізіп жатыр. Несиелік серіктестік арқылы 19 тұлға 49,5 млн. теңге несие алды. Былтыр округте ашылған кәсіпкерлік нысандардың саны - 37. Нәтижесінде осы бағдарламалар арқылы барлығы 98 жаңа жұмыс орны ашылды.

- Аудан орталығында биыл темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт ашу жоспарда бар. Қытаймен бірлескен аталмыш серіктестік тіркеуден өтті. Жобаның құны - 546 млн. теңге, қосымша 47 жұмыс орны пайда болады, - дейді ауыл әкімі.

Бейсенғазы Ұлықбек
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: Үржар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар