ШҚО әкімінің кубогіне арналған жайдарман фестивалі өтті

(Дауыстар: 1)
ШҚО әкімінің кубогіне арналған жайдарман фестивалі өтті

2015 жылғы 15 сәуір «Қозы көрпеш пен Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай, Аягөз қаласы «Қозы көрпеш - Баян Сұлу» мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогіне арналған Республикалық жайдарман ойыны өтті. Замандастарының өнерін тамашалауға асыққан жастар билет таппай қиналды. Көрерменге лық толған ғимаратқа еліміздің әр аймағынан ат терлетіп келген әзілқой өрендер жиналып, ШҚО әкімінің кубогын сарапқа салу үшін өнер көрсетті.

Аңыздар елімен абыздар елі, тарихи мекен Аягөз жерінде өткен Жайдарман ойынының негізгі мақсаты қазақ ғашықтарының символына арналған «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға» құрмет көрсету, қазақстандық «Ғашықтар күнін» жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Жайдарман сайысында Арал-Ас, Шу-Чу, Жаснар, ҚазҰУ құрамасы, Тұран-Алматы, Альянс Семей, Өскемен мен жергілікті Аягөз құрамалары қатысты. Қазіргі таңда, барлығымыз сүйсініп тамашалайтын жайдарман прогрессивті дамып келе жатқан жастар қозғалысына айналды. «Жайдарман» қазақ тілінің жанашыры, сонымен бірге ұлттық құндылықтардың жаршысы болып қалыптасып келеді.

Жайдарманның жарқын сахнасында ерекше ойын көрсеткен барша командалар көпшілікті күлкіге бөлеп, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. Әр команда өзіндік ойын ерекшеліктерімен көрінді, әрбір әзілдерінде қоғамдағы белең алып жүрген мәселелер мен келеңсіздіктерді және саяси ахуалдың сарсаңын әрине, әзілмен жеткізседе, аягөздік көрермендердің көңілінен шыға білді.

Төрешілер алқасында ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сарсебаев, Қазақстан-Өскемен телеарнасының директорының орынбасары Айда Жабагиева, Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Роза Қаирбаева, Облыстық Жастар орталығының директоры Арайлым Есімбекова мен Аягөз аудандық Жастар орталығының директоры Саят Ибраев болды.

Сайыстың қорытындысы бойынша Оңтүстіктен келген Шу-Чу құрамасы үшінші орынды қанағат етсе, Семейдің «Альянс» командасы екінші орынға, ал ШҚО әкімінің кубогы Алматылық 2014 жылғы жоғары лига чемпиондары «ҚазҰУ» жігіттерінің қанжығасына байланды.

Роза Қаирбаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Мәдениет | Кілт сөдер: жайдарман

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар