Ардагерлерге әлеуметтік жоба аясында қамқорлық көрсетіледі

(Дауыстар: 1)
Ардагерлерге әлеуметтік жоба аясында қамқорлық көрсетіледі

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау және әлеуметттік төлемақыларды біріздендіру жобасын талқылаған жиын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мамыр айында тойланатын үш бірдей мерекеге дайындық ойдағыдай екенін атай келе, аталған шаралардың барлығы «Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 20 жыл», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» аясында өтетінін жеткізді.

Ассамблеяның 20 жылдығын лайықты атап өту мақсатында облыс бойынша 300 шара ұйымдастырылмақ. 290 мың адамды қамтиды. «Жиырма жарқын іс» республикалық акциясының аясында үш мыңнан астам шығысқазақстандық әлеуметтік көмек алған.

Ал Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы, әскери-патриоттық клубтар слеті, кадеттер балы сынды 200-ге тарта шара ұйымдастыру жоспарланған.

Қазір облысымызда 594 Ұлы Отан соғысының ардагері, 27605 тыл еңбеккері бар. Біздің облыстан шыққан, қазір көзі тірі үш бірдей Кеңес Одағының Батырына да лайықты құрмет көрсетілетінін айтқан облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар 9 мамырға өңірімізде 600 шара өтетінін баяндады. Бүгінгі таңда облыс бойынша үш елді мекен, 160-тан астам көше, 20-дан астам мектеп соғыс батырларының есімін иеленген. Соғыс құрбандары мен қаһармандарына арналған 338 ескерткіш-ғимараттың барлығы ағымдағы жөндеуден өткен.

Астанада өтетін Жеңіс шеруіне облыстың 17 ардагері қатысады деп күтілуде. Осы шаралардың барлығын ақпараттық жетелеу аясында «veteranvko.kz» сайты ашылмақ. Өскемен титан-магний комбинатының демеушілігімен отты жылдардан сыр шертетін екі тарихи кітап құрастырылған. Адагерлерге материалдық көмек көрсету мақсатында ашылған арнайы шотқа бүгінге дейін 10 млн. теңге демеушілер қаржысы түскен.

Адагерлерді материалдық тұрғыдан қолдау шаралары «Қамқор» әлеуметтік картасы жобасының аясында жалғасатын болады. Облыс басшысы барлық 594 ардагердің әрқайсына 500 мың теңгеден материалдық көмек көрсету үшін облыстық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруды тапсырды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айжан Садықова бұл жоба барлық аз қамтылған тұрғындарды қамтитынын, әлеуметтік көмектердің ашықтығын қамтамасыз ететінін айтады. Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған бұл әлеуметтік картаны енгізу үш кезеңге жоспарланып отыр. Аталған картаның көмегімен аз қамтылған отбасылардың балаларын жеңілдікпен тамақтандыру, әлеуметтік есептегі азаматтарды арзандатылған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік қатынасындағы жеңілдіктерді біріздендіру шаралары дисконттық жүйеде жүзеге асырылатын болады. Бұл карта бірінші кезекте жасы жетпістен асқан зейнеткерлерге таратылатын болады. Жүкті аналар мен аз көлемдегі зейнетақы иегерлері, аз қамтылған отбасылар да осы карта арқылы әлеуметтік көмек алатын болады. Бұл жоба 2016 жылы толық іске қосылуы тиіс.

Аймақ басшысы аталмыш жобаның маңыздылығын атай келе, республика бойынша бұл жүйенің баламасы жоқ екенін айтты.

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі тірек-қимыл аппаратында ақау бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме негізінде пансионат үлгісіндегі мектеп құрылатынын мәлім етті. Алдағы уақытта барлық орта мектептерде қозғалу мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға жағдай жасалатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар Солтүтік Қазақстан облысының тәжірибесін негізге ала отырып жүзеге асырылмақ.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар