Абай ауданы мен Курчатов қаласы жемқорлықтан ада аймақтар деп танылды

(Дауыстар: 1)
Абай ауданы мен Курчатов қаласы жемқорлықтан ада аймақтар деп танылды

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен өңірдің Курчатов қаласын және Абай ауданын сыбайлас жемқорлықтан ада аймақтар деп жариялау жөнінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің, Курчатов қаласы, Абай ауданы әкімдіктерінің арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл меморандумға қол қоюдың басты мақсаты - жоғарыда аталған тараптардың арасында биылғы наурыздағы «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған негізгі міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Атап айтар болсақ, съезд жұмысының барысында Президент елімізде көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапалы жүзеге асыруды, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысын барынша жариялы жүргізуді, бюджет қаржысын бөлу үдерісіне қоғамдық ұйымдар өкілдерін көптеп тартуды, заңнамалардың бұзылуына жол берілмеуін, сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының 20152025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» орындауды қамтамасыз етуді нақты атап көрсеткен болатын.

Меморандумға тараптар атынан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Шерубаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ғ.Досанов, Курчатов қаласының әкімі Н.Нұрғалиев, Абай ауданының әкімі Т.Мүсәпірбеков қол қойды.

Енді алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жемқорлық әрекеттерін анықтауға бағытталған бұл меморандумды жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдау көзделуде.

- Біздің агенттіктің басты міндеттерінің бірі - бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдіктерінің және сол жақтардағы қоғамдық ұйымдардың ұсынысы бойынша аталған аймақтарды сыбайлас жемқорлықтан ада деп тану туралы бастамаларын департамент қолдады. Себебі, бұл екі аймақтың да еліміз үшін маңызы үлкен. Курчатов - еліміздегі ірі ғылыми орталық. Онда Ұлттық ядролық орталық орналасқан. Әлемге танымал ірі ғалымдар жұмыс істейді. Ал Абай ауданы - Абай, Шәкерім, Мұхтар сынды біртуар алыптарымыз дүниеге келген, қазақ халқы үшін қасиетті мекен. Сондықтан осыған мән бердік. Бұдан бөлек, соңғы жылдары аталған аймақтардың қоғамдық-саяси жағдайларына жасалған талдаулардың нәтижесі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің барынша төмен екендігін көрсетті. Алда меморандумда көрсетілген барлық міндеттерді тараптар ретінде бірлесіп орындауға күш салып, қолдау көрсететін боламыз, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ғалымбек Досанов.

Абай ауданы мен Курчатов қаласының әкімдері бұл меморандум өздеріне үлкен жауапкершілік жүктеп отырғандығын атап, тиісті елді мекендерде сыбайлас жемқорлықпен күресті үздіксіз жүргізетіндіктерін мәлім етті.

- Бұл меморандум алдағы уақытта Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын тиімді әрі мақсатты орындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұнда көрсетілген міндеттер тек Курчатов пен Абай ауданының әкімдігіне ғана тиісті емес, барлық қалалар мен аудандар әкімдіктеріне де қатысты. Жемқорлықпен күресті барынша күшейтуге жол ашады, - деді меморандумға қол қою жиынын қорытындылаған ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: жемқорлық

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар