Абай көрмесі аудандарға шықты

(Дауыстар: 1)
Абай көрмесі аудандарға шықты

Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуына дайындық барысы аясында, былтыр ақынның туған жерінде плэнер өткізіп, облыс суретшілерінің байқауын өткізгендігінен оқырман қауым хабардар. Өнер мұражайында қойылып, өскемендік көрермендерден лайықты бағасын алған сол көрме енді облыстың қалалары мен аудандарына сапарға аттанды.

Н. Аштема, Ғ. Макаров, Қ. Қадырбеков сынды өскемендік, семейлік қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан һәкім Абайдың өнердегі бейнелерін ең алдымен шемонайхалықтар тамашалады. Аудандық өлкетану мұражайында көрсетілген еңбектердің деңгейін өнер сүйер қауым жоғары бағалады. Он тоғыз суретшінің отыз жеті еңбегі айдан аса шемонайхалықтардың көзайымына айналды.

- Шемонайхалықтар арасында әлемдік деңгейге шыққан жерлес жазушыларымызбен қатар дәл қазір өнімді еңбек етіп жүрген Борис Морозов, Вадим Салманханов сынды есімдері Кенді Алтай өңіріне кеңінен танымал қылқалам шеберлері де аз емес, олардан үйреніп жүрген шәкірттер де жетерлік. Олар көрмеге кәсіби көзбен қараса, қалың көпшілікке бұл көрменің танымдық жағынан, ғұлама Абайдың өмір жолына деген ықыластарын тереңдете түсуге ықпалы мол болды, - дейді Шемонайха аудандық өлкетану мұражайының директоры Н. Г. Дубинчик.

Бұл жылжымалы көрме бұдан кейін Риддер қаласына аттанды. Орталық мәдениет үйінің көрме залына қойылған «Абайды танып, біл!» атты экспозицияны қазір риддерлік көрермендер тамашалауда. Бұл көрменің одан кейінгі сапар бағыттары - Семей қаласы мен Абай ауданы.

Айтмұхамбет Қасымов
журналист, ШҚ өнер мұражайының қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар