Табыстың кепілі - тұрақты бағам

(Дауыстар: 1)
Табыстың кепілі - тұрақты бағам

Қазақстандықтар қаржы рыногында болып жатқан жағдайларға қарап алаңдаулы. Кез келген тұрғынды, мейлі кәсіпкер, мейлі дәрігер не мұғалім болсын, ұлттық валютамыздың бұдан арғы тағдыры толғандырады. Теңгенің құны түсе ме? Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми ақпаратына сәйкес, қазір бір сәтте девальвация жасауға ешқандай негіз жоқ.

Ұлттық валютаның курсын өзгерту, әлбетте, тұрғындардың барлық топтарына кері әсерін тигізеді. Халықтың сатып алу мүмкіндіктері төмендейді, тұрмысы нашар жандардың қатары көбейеді, шағын және орта бизнестің өкілдері қомақты шығынға батады. Әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың ақпан айында экономикамыздың тым долларланып кеткені және девальвация жасау мүмкіндігі талқыланған кезде «Сіздердің мүдделеріңіз бар, сондай-ақ орта мүдделер бар» деген болатын. Сол жолы Елбасы теңгенің бағамы күрт өзгермейді деп нақты айтқан.

Отандық сарапшылардың бірі дәл атап өткендей, девальвацияны жүргізу керек деп атой салғандар, алдымен халықты ойлауы керек, одан кейін оның экономикамызға тигізетін әсерін, содан кейін ғана мемлекеттің есебінен бағамдық айырмашылықтар бойынша пайда табуды ойласын. Шығысқазақстандық көптеген бизнесмендер мен кәсіпкерлер ұлттық валютаның бағамын өзгерту қазақстандық бизнеске ешқашан қолайлы болмағанына және болмайтынына сенімді. Ол тек бизнес жоспарлаудың негізгі параметрлерін өзгертіп, оның мүмкіндіктерінің жолын кеседі.

- Девальвация тек теңгенің ұлттық валюта ретіндегі құнын түсіреді, тұтынушылардың сұранысын төмендетеді, - деген сенімде ШҚО шағын және орта бизнестің кәсіподақ төрайымы Галина Казанцева. - Теңгеге тәуелді кәсіпорындар банкроттыққа ұшыраулары мүмкін. Сол себепті оларға субсидиялар бөлу, жеңілдіктер мен преференциялар беру сияқты көмек қажет. Бүгінгі таңда көптеген банктер несиені шетелдік валютамен береді. Теңге бағамының тұрақсыздығынан өзінің жеке ісі барлардың қай-қайсы болмасын зардап шегеді.

Жеке кәсіпкер Марат Комбаев теңгенің тұрақсыздығынан тек зиян шегетіндердің бірі. Ол шетелдік серіктестіктерімен барлық операцияларды тек доллармен жүргізетін. Былтырғы теңге бағамының құлдырауынан кейін көптеген контрактілерін жылы жауып қоюға тура келген, артынан тіпті шетелдік әріптестерімен қатынасты мүлде үзуге мәжбүр болыпты.

- Шеттен косметика және тазалыққа қажетті заттарды әкелу тиімсіз болып кетті, - дейді кәсіпкер. - Жұмсалған шығын мен түсетін пайданы есептеп көріп, кірісімнің кері кететінін түсіндім. Кәсіпкер ретінде тағы бір девальвацияны мен «көтере алмаймын». Өйткені теңге шығынының 70 пайызы доллардың эквивалентіне байланған. Қазақстанда шығарылатын тауарлардың бағасы да долларға тәуелді, өндіруші экспортқа шығаратын тауарының құнын ішкі рынокта да ұстайды. Девальвацияның бизнестің шығындарын тек арттыратыны сөзсіз.

Владимир Козловтың жеке ісі Марат Комбаевпен салыстырғанда, керісінше, соңғы кезде өрге басқан. Өйткені ол рубльмен жұмыс істейді, Ресейден автокөліктің босалқы бөлшектерін тасиды.

- Рубльдің босаңсуы бізге қолайлы болды, - дейді ол. - Біз құрал-жабдықтарды тиімді бағамен сатып алдық. Қазір бағалар аздап болсын теңеле бастады, бірақ бәсекелестік басымдық біздің жағымызда, өйткені шетелдік тасымалдаушылармен жұмыс істейтін басқа әріптестеріммен салыстырғанда біз тауарларымызды төмен бағамен саудалаймыз, себебі көрші мемлекеттен әкелдік.

Сонымен, шетелдіктермен байланыс орнатқан бизнес-элита өкілдері үшін девальвация құлдырауға және тақырға отыруға бастап апаратын экономикалық былықтан басқа ештеңе де емес, ал теңгенің бір сәттік құнсыздануынан ат төбеліндей ғана адамдар пайда көреді. Мұндай қаржылық тұрақсыздықтан тұтынушылық қабілетінен айырылған халық үлкен шапа шегеді.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Экономика

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар