Майдангер суретшінің альбом-каталогы жарық көрді

(Дауыстар: 1)
Майдангер суретшінің альбом-каталогы жарық көрді

Шығыс Қазақстан өнер мұражайы суретшінің осы мұражай қорындағы жұмыстарын жинақтап, «Борис Французов. Графика» альбом-каталогын дайындап, Өскемендегі «Шығыс полиграф» баспаханасынан жарыққа шығарды. Авторлар оны барлық суретші-майдангерлерге арнаған. «Станоктық графика», «Майдан кітапшасы» және «Этюдтер мен сұлба сызбалар» атты үш бөлімнен тұратын түрлі-түсті басылымға жазған алғысөзін музей қызметкері Лариса Мартынова «Қараңғылық пен жарықтың шекарасында» деп атапты.Онда суретші-майдангердің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты ашып көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің қаржылай қолдауымен шығарылған аз ғана таралым 9 - мамыр қарсаңында Барнаул қаласында басылып шыққан тағы да 50 дана альбом-каталогпен толықпақ. Ондай қолдауы үшін өнер мұражайы мен авторлар ұжымы Алтай өлкесінің губернаторы Александр Богданович Карлинге өз алғыстарын білдірді.

Бұл альбомда біздің жерлесіміз, өскемендік суретші, график Борис Иванович Французовтың шығармашылық мұрасы жинақталған. График болу дегеніміз - қоршаған әлемді өзіндік бір дербес, нақты көзқараспен қабылдау қабілетіне ие болу деген сөз. График затты емес, соның мәнін анықтайтын сызықтарды, сұлбасын, оқиғаның басты арқауы мен нысанның мінез - құлқын көреді.Ол кескіндемелік әсердің өзгешеліктерімен бояулар палитрасын қуалап кетпейді, ол біздің көз алдымызға жарық пен көлеңкені, жақсылық пен жамандықты, тыныштық пен қозғалысты нақты шындық түрінде алып келеді. Борис Французов - тумысынан график. Оның жұмыстарында сұлбалар мен нұсқалар, өмірдегідей әсіре түстер мен заттық көлемде емес, ақ қағаз бетіне құбылыстар нұсқасы, заттың жасырын мәні ретінде түсіріледі. Бұл суретшінің шығармашылығы соғыс кезінде қалыптасқан. Сондықтан да суретші Французов оның анкеталарында жазылғандай, өскемендік жұмысшының отбасында 1911 жылғы 21 маусымда емес, 1942 жылы Ұлы Отан соғысында, Ржев түбіндегі окопта туды. Онда ол шайқастарға қатысып, ауыр жарақат алды, алғаш рет өлім мен өмірдің арасын тым жұқа ғана қалқаншаның бөліп тұратындығын көрді де, сезді де.

Майдангер суретшінің альбом-каталогы жарық көрді

Мұражай қорларында баға жетпес байлық - графикалық туындылары, 1942-43 жылдардағы суреттер салынған Б.И. Французовтың майдандық блокноты бар. Жетпіс алты жас ғұмыр кешкен (21маусым 1911 ж. - 14 ақпан 1987 ж.) суретшінің балалық шағы бақытты болды деп айтуға келмейді, қиындығы көп болды. Өз басынан өткерген сұрапыл соғыс бала кезіндегі әсерлерінің барлығын ысырып тастап, оның шығармашылығының басты тақырыбына айналды. Мүмкін, сондықтан да болар, оның суреттерінде пейзаж өте аз, «Балалық пен жастық шақ» тақырыбы жоқ. Тағдырдың жазуымен оған бірден «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясын жазуына тура келді.

Оқырманға жол тартқан бұл альбом - каталог тек Борис Иванович Французовтың құрметіне, рухына арналып отырған жоқ, Ұлы Отан соғысының майдандарында соғысқан басқа да суретшілерге деген құрмет, рухтарына тағзым. Өнер музейінің бұл қызғылықты да құнды жобасымен танысқан көршілес Ресейдегі Алтай өлкесінің Әкімдігі де өздерінің «Шетелдегі отандастармен байланысты қолдау және дамыту» бағдарламасы аясында Б. Французовтың альбом-каталогын Барнаул қаласында да басып шығарды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар