Абай мұражайы Достық фестивалін ұйымдастырды

(Дауыстар: 1)
Абай мұражайы Достық фестивалін ұйымдастырды

Семей қаласындағы Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жылдығына орай сәуір айының 24-і күні «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты Достық фестивалі ұйымдастырылды.

Қазақтың бас ақыны Абай адамзаттың асқан кемеңгер ақындары қатарынан орын алды. Абай есімі күллі әлемге таныс, шығармалары көптеген әлем тілдеріне аударылып насихатталуда. Қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдызы ұлы Абай туралы Елбасымыз: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», - деп баға берген.

Абай мұражайы Достық фестивалін ұйымдастырды

Ұлы ақын шығармашылығының салтанаты асқақтаған бұл мерекеде Абайдың «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері мен қарасөздері моңғол, орыс, қытай, қазақ, орыс, неміс, қорей, татар, араб тілдерінде оқылып, Абай әндері әр тілде шырқалып, әр ұлттың өзіне тән өнерлері көрсетілді. Ұлы ақынның әлем тілдеріне аударылған шығармалары және басылымдары хақында ауқымды мағлұмат берілді.

Фестивальда Абай қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкір, қалалық «Достық үйінің» директоры А.Тлеубаев, ардагер Х.Матаев, ұлттық орталықтар өкілдері тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл шараның маңыздылығына ерекше тоқталып, алғыстарын білдірді.

Айтулы мерекеге қаланың зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, студент жастар, қала қонақтары қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: абай мұражайы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар