Зырянға 60 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді

(Дауыстар: 1)
Зырянға 60 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келді

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанынан Зырян ауданындағы тасқын салдарын жедел бақылап, мониторинг жүргізетін арнайы штаб құрылып, табиғи апаттың зардабын шегіп жатқан зыряндықтарға гуманитарлық көмек жөнелтілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш көмек Зырян ауданына келіп жетті. Ішінде қажетті заттар, киім-кешек пен азық-түлік тауарлары бар автокөліктерді аудан орталығы Зырян қаласының жұртшылығы қарсы алды. Мұндай қуанышты жайттың еліміздегі ең айтулы мерекелердің бірі - Қазақстан халқының Бірлігі күнімен тұспа-тұс келгенін де ерекше атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Зырян ауданында орын алған тасқын салдарынан жеті елді мекенді су басып қалған болатын. Су көтерілген сәтте-ақ аудан бойынша мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген-ді. Соңғы ақпараттарға құлақ ассақ, бүгінде ауданда жағдай оңалып, адамдар үйлеріне орала бастады. Дегенмен, қазір су басқан ғимараттардың көбінен сыздың табы айқын сезіледі, талай үйдегі жићаз бен тұрмыстық техника жарамсыз болып қалған. Оның үстіне, тұрғындар төсек-орын жабдықтары, киім-кешек пен азық-түлік өнімдеріне мұқтаж.

Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қысылтаяң сәтте жерлестеріне көмек қолын созу мақсатында гуманитарлық жылу жинау науқанын жариялады. Бір қуантарлығы, оған облыстың әр түкпірінен кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар үн қатып, қолдау білдірді. Атап айтқанда, мамырдың бірінде Зырянға Көкпекті, Ұлан, Глубокое, Шемонайха, Катонқарағай аудандарынан, сондай-ақ, Өскемен қаласынан бірнеше жүк көлігі келіп жетті. Автокеруен 60 тоннаға жуық азық-түлік пен қажетті тауарларды әкелді.

Аудан әкімі Ермак Сәлімов осындай қиын-қыстау кезде Зырян халқының жанынан табылған барша шығысқазақстандықтарға зор алғыс айтты.

- Бұл қиыншылықтар да артта қалар, дегенмен, сіздердің жақсылықтарыңызды Зырян жұртшылығы ешқашан ұмытпайды, - деді аудан басшысы автокеруен өкілдерін қарсы алу рәсімінде.

Сондай-ақ, жиында зыряндықтар атынан Зубовка кентінің тұрғындары Вера Мирошникова мен Наталья Шахтурова, сондай-ақ, малеевтік Оразхан Мамырханов сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде жергілікті билік органдары мен құтқару қызметі мамандарының бірлескен жедел іс-қимылдары арқасында ғана адам шығынына жол берілмегенін айрықша атап өтті.

- Зыряндықтар тартқан азапты осы күндері бүкіл облыс жұртшылығы да бірге тартты, бізді ауыр жағдайда жалғыз қалдырған жоқ. Құтқарушылар мен еріктілер күні-түні талмай апаттың салдарын жоюға қатысып, қиындықты еңсеруге көмектесті. Бүгін Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесінде облыс тұрғындарына осы қолдауы үшін барша зыряндықтар атынан алғыс айтқым келеді, - деді Оразхан Мамырханов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар