Жас тілшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды

(Дауыстар: 1)
Жас тілшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өңіріміздегі жас тілшілер арасында «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...» атты тақырыппен Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы ІІ облыстық шығармашылық байқауды жариялаған болатын. Аталған байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Айта кетейік, байқауға үміткерлерден 40-тан астам шығармалар келіп түскен-ді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен аталған байқауда үржарлық Еламан Нүсіпов пен өскемендік Аяужан Ибрагимова І орын иегері атанса, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылының тұрғыны Сандуғаш Әбішева, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылының тұрғыны Ұлпан Социалова мен өскемендік Дастан Рақымғалиев ІІ орынды иеленді. Үшінші орынды Құралай Серікқызы, Айгүл Манап (екеуі де Өскеменнен) пен Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылының тұрғыны Күлпаш Балтабаева өзара бөлісті. Жүлдегерлерді «Шығыс-Ақпарат» ЖШС директоры Нұржан Қуантайұлы, облыстық «Дидар» газетінің редакторы Уәлихан Тоқпатаев пен республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің құрметті тілшісі, ардагер-журналист Оңдасын Елубай құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар