Өнер колледжі 60 жылдығын атап өтті

(Дауыстар: 1)
Өнер колледжі 60 жылдығын атап өтті

Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында Халық әртістері, ағайынды Абуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер училищесі өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Ата Заңымыздың 20 жылдығы мен Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстары арасындағы өзара ынтымақтастық шаралары аясында өткен мерейтойлық кешке ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мерейтойлық кешке жиналғандар ең алдымен Металлургтер мәдениет сарайының кіреберісіндегі «Өнердің алтын ордасы» атты көрмені тамашалады. Мұнда сонау 1955 жылы шаңырақ көтерген өнер училищесінің жүріп өткен жолы, білім берген ұстаздар қауымы мен жұлдызды шәкірттері туралы деректердің барлығы жинақталыпты.

Бүгін өзіміздің төл оқу орнымыздың алпыс жылдық мерейтойын тойлап отырмыз. Біздің халық «Елу жылда - ел жаңа» дейді. Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер ордасы 60 жылдың ішінде сегіз мыңнан астам шәкірт тәрбиелеп, ұшырған екен. Яғни, сегіз мыңнан астам білімді, тәжірибелі өнерпаздар осынау білім ордасының қабырғасынан түлеп ұшыпты. 1955 жылы, соғыстан кейінгі ауыр жылдары құрылған оқу ордасы қазір тәуелсіз елімізде өз жұмысын сәтті жалғастырып келе жатқан бірден бір оқу орындарының бірі болып табылады. Аталған оқу орнының шәкірттерінің тек қана қалалық, облыстық деңгейде ғана емес, республикалық, халықаралық додаларда да топ жарып жүргенін біз жақсы білеміз. Осы орайда көп жылдар оқу ордасын басқарған, қызмет еткен басшылар мен ұстаздар қауымына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қазақта «Алпыс - тал түс» деген сөз бар. Сіздердің алар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз әлі алда, - деді өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев өз сөзінде жыл сайын өнер ордасына жүктеліп отырған міндеттің артып келе жатқанын айтты. Қазіргі күні училищенің білім беру қызметі үш сатыдан, яғни, қосымша білім беру, бейіндік оқыту, кәсіби білім беруден тұрады. Жыл сайын материалдық-техникалық базасы да жақсарып келе жатыр. Тек өткен жылы оқу ордасын заманауи аспаптармен қамтуға 25 миллион теңге бөлінген көрінеді. Облыстық білім басқармасының басшысы алпыс жылдық мерейтойға да құр қол келмепті. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің арнайы тапсырмасы бойынша оқу ордасының басшысы А.Дюсуповаға бір миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова, облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Назигүл Хасенова және тағы басқалар құттықтап, өнер ұжымына жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.

Мерейтойлық мерекенің соңы әдемі ән мен күйге ұласты.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар