Ет өңдеу комбинатының құрылысы басталды

(Дауыстар: 1)
Ет өңдеу комбинатының құрылысы басталды

Семейде Қазақстан мен Иран елдері ет өңдеу кәсіпорнының құрылысын бастады. Жұмыстың салтанатты басталу шарасына қала әкімі Айбек Кәрімов пен біріккен жоба бойынша ирандық серіктестер қатысты.

Ет өңдеу комбинаты Би Боранбай, 96 мекенжайы бойынша «Өндіріс» бизнесті дамыту индустриялық аймағының аумағында орналасатын болады. Жоба инвесторы - ирандықтар. Біріккен «Агропортал» кәсіпорны құрылысқа 25 млн. доллар құймақ. Бір жаңашылдығы, ет өңдеу комбинатында ет консервілері мен шұжық өнімдерімен қатар, ит пен мысық сияқты үй жануарларының қорегі де өндірілмек. Жалпы, жоба 2015-2017 жылдары іске асырылады деп күтілуде.

Ет комбинатының өндірістік қуаттылығы «Халал» технологиясы бойынша тәулігіне 400 ірі қара малдың еті мен 2000 ұсақ малдың етін өндіруге, жалпы, жылына 7 мың тонна ет консервісі мен 7 мың тонна шұжық өнімдерін өндіруге қауқарлы болмақ. Бұған қоса, жаңа комбинатта 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Онда негізінен семейліктер жұмылдырылады деп күтілуде. Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов ет өңдеу комбинаты іске қосылғанда, етті өткізетін тұрақты орын болатынын, нәтижесінде ет өңдеу комбинаттарының арасында бәсекелестік те орнайтынын атап өтті. Әкімнің айтуынша, тұрақты ет өткізетін орын болса, малдың басы да көбейеді. Бұл тұрғыда, әсіресе, ауыл жұртшылығына жұмыс пайда болады. Сонымен қатар, ет өңдеу комбинаты жұмысын бастаған соң, қаладағы былғары-тері комбинатының да жұмысы түзелмек. Сондайақ, ирандық инвесторлар ет комбинатының маңынан тұрғын үйлердің де құрылыс жұмыстарын жүргізетін болады.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар