Шығысқазақстандық кәсіпкер жетім қызға үй алып берді

(Дауыстар: 1)
Шығысқазақстандық кәсіпкер жетім қызға үй алып берді

Өскемен қаласында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Мейірім» акциясы өткізілді. Мерекелік концертке ұласқан акция барысында жеке кәсіпкер Анар Назарова Семей қаласының №8 балалар үйінің түлегі Арайлым Ысқақоваға пәтер алып берді, деп хабардайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында ШҚО әкімдігінің бастамасымен 2011 жылдан бастап өңірде 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар мен «Мейірім» акциясы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күні акциямен облыс бойынша 1800 астам бала қамтылып, олардың есепшоттарына аударылған қаражат көлемі 212 млн. теңгені құрап отыр. Айта кету керек, ШҚО-да бастау алған «Мейірім» акциясын жүзеге асыруды бүгінгі күні Республикадағы өзге облыстар да қолға алуда.

- Жеңістің 70 жылдығымен қатар, біз тарихтың бір тағылымын ұмытпауымыз керек. Сол сұрапыл кезеңде Қазақстан жеріне өзге аймақтардан 47 мыңға жуық жетім көшіліріп, оларға қазақ ұлты өзінің қанына сіңген бауырмалдығын танытқан. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген жақсы сөз бар. Сондықтан, жетім балаларға үлкен қолдау білдіруіміз керек. 2011 жылдан бері акция аясында 340 жетім балаға пәтер берілді. Тұрғын үй жинақ банкінде жиналған 212 млн.теңге де балаларға бөлінетін болады, - деген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірлік кәсіпкерлерді аталмыш акцияға белсенді ат салысуға шақырды.

Шығысқазақстандық кәсіпкер жетім қызға үй алып берді

Бұдан кейін «Мейірім» акциясын жүзеге асыруға қосқан үлесі мен жетім балаларды белсенді қолдағаны үшін бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен жеке кәсіпкерлер «Алғыс хатпен» марапатталды. Марапаттау салтанатында жеке кәсіпкер Анар Назарова Семей қаласының №8 балалар үйінің түлегі Арайлым Ысқақоваға пәтер кілтін табыстады. Айта кету керек, А.Назарова тек Арайлымға ғана емес, бірнеше жыл қатарынан балалар үйінің түлектерін әлуметтік көмек көрсетіп келеді.

- Анамдай болып кеткен Семейдегі №8 балалар үйінің тәлімгерлеріне, бүгін пәтер кілтін табыстап, толағай қуанышқа бөлеп отырған Анар әпкеме шексіз алғысымды білдіремін, - деді Арайлым.

Айта кету керек, қазіргі таңда ШҚО-да 3519 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған бала бар. Оның ішінде 1191 бала толық мемлекет қарауында, 2192 бала отбасында қамқорлықта болса, 136 бала патронаттық тәрбиеге берілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар