Техногенді қалдықтарды құрылыс материалына айналдырмақ

(Дауыстар: 1)
Техногенді қалдықтарды құрылыс материалына айналдырмақ

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Технологиялық машиналар мен құрал жабдықтар» кафедрасының доценті Андрей Вавилов мамырда өтетін «Өскемен Экспо-2015» көрмесінің конкурсына құрыштан сығымдалып жасалған фибрабетон өнімдерін өндірудің (аз шығын шығара отырып) тиімді тәсілін ұсынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Былтырғы 26-28 қыркүйек аралығында «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырған «KazINNO Mechanic» инновациялық жобалар конкурсына қатысып, 68 қатысушының ішінен 4 орын алған бұл жобаның жаңалығы неде? Біз осы сауалды жоба авторына қойдық.

- Заманауи құрылыс индустриясының басты буынының, саласының бірі - бетон және бетон өнімдері өндірісі. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде өндіріліп жатқан бетон өнімдері жылына 2 млрд. текше метрден асып кетеді, басқа құрылыс материалдарына қарағанда анағұрлым көп. Бүкіл әлемде, Қазақстанда бетон өндірісі жыл сайын артып келеді. Бетон қоспалары құрылыс, жол, тау-кен, мұнай-газ, басқа да салаларда кеңінен пайдаланылады. Үлкен сұранысқа ие бұл өнімдерді өндіруде туындап отырған қазіргі күнгі басты мәселе - олардың сапасын арттырып, өзіндік құнын түсіру. Менің жобам осы екі мақсатқа жете отырып, жаңа индустриялық-инновациялық өндіріс құруға, жаңа жұмыс орнын ашуға негізделген, - дейді Андрей Вавилов.

«Техногенді қалдықтардан фибрабетон жасаудың технологиясы» жобасы өнімді пайдаланылған жүк көтеру машиналарының құрыш арқандары мен кермелерін қайта өңдеу жолымен алуды көздейді. Жаңа өнім шығынсыз, тозған құрыш өнімдерін кәдеге жарату арқылы өндіріліп қана қоймай, еліміз үшін үлкен проблемаға айналып отырған өнеркәсіп саласы қалдықтарын жою мәселесін де шешуге септігін тигізбек.

Құрыштан сығымдалып жасалған фибрабетондар өндірісінің негізгі шикізат көзі жүк көтеру, түсіру машиналарының қаншама түрі қолданылып, жаңартылып келе жатқан облыстың тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары мен өзге де өндірістердегі құрал-жабдықтар болмақ.

- Дайын күйіндегі қалдықтарды өңдеу технологиясы өнімнің өзіндік құнын бірнеше есеге дейін түсіруге мүмкіндік береді, - дейді Андрей Владимирович. - Біздің мамандардың еліміздегі бетон өнімдері нарығына жасаған талдауы онда техногенді қалдықтардан жасалған мұндай мықты фибрабетон өнімдерін өндіріп жатқан бірде-бір өндіріс орны жоқ екенін көрсетті. Стандартты, сымнан жасалған өнеркәсіпті фибра Қазақстанға шетелдерден әкелініп жатыр, оның өзінде бұл өнімдерді бізге көршілес елдерден бір ғана кәсіпорын - Ресейдегі «Северсталь» ААҚ шығаруда.

Андрей Вавиловтың серіктестері мен шәкірттерінің бұл жобаны қолға алғанына үш-төрт жылдың жүзі болыпты. Ұсынылып отырған технологияның негізгі тәсілдері мен жолдары түгелдей жасалып, дайын тұр. Ішінара құрыш фибраларды шығарудың өнеркәсіптік құрал-жабдықтары да әзірленген. Көтеру, түсіру машиналарының фибра кермелерінен жасалған құрышты фибрабетондар алдын ала сынақтан өткізіліп, оңды нәтижесін берген. Бір сөзбен айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары толық аяқталып бітіпті. Жобаны әрі қарай жүзеге асыру үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіп, техникалық сынақтар жасау қажет. Ең соңғы саты - өндіріске енгізу.

Андрей Вавилов құны 25 млн. теңге болатын бұл жобаны соңына дейін жеткізіп, инвесторлар табылып жатса, елімізде жоқ жаңа кәсіпорын ашуды басты мақсат етіп отыр.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар